Адам бойындағы асыл қасиеттердің бәрі ананың ақ сүтімен жаралып, күннің нұр шапағымен нәр алатынын қазақ халқы «Алып анадан» деп бір ауыз сөзбен түйіндеген. Иә, ықылым заманнан бастап «Бір қолымен бесігін, екінші қолымен әлемді тербеткен» аналарымыз әр отбасының тату-тәтті тірлігі, ұлы істің ұйытқысы, ұлттың ұяты, берекенің бесігі болып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық өсуіне өз үлестерін қосып келеді және де қоса бермек.
«Қазақ аналары – Дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі өз жұмысын бастағалы оның филиалдары еліміздің қалаларында ашыла бастады. Қоғамдық бірлестіктің мақсаты – қазақ ұлтының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, мәдениеті, діні, ана тілі, басқа да ұлттық құндылықтармен әйел-аналарды тәрбиелеп, ұлттық киім, ақ кимешек пен ақ жаулықты насихаттап, шаңырақтағы береке-бірлікті ынтымақтандырып, ер азаматтарды сыйлап, яғни отбасы отағасының қадірлі орнын айқындап, ұл-қыз тәрбиесін дұрыс жолға қойып, болашақ ұрпақты білімді, ибалы, инабатты етіп тәрбиелеу, ұлттық асыл мұраны жандандырып, ұрпаққа аманаттау болып табылады.
Өткен аптаның сәрсенбісінде «Қазақ аналары – Дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің бастамасымен Шардара аудандық «Қазақ аналары – Дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігі филиалының ашылу салтанаты өтіп, филиал төрайымдығына Көшекеева Бибігүл Тасқұлқызы бекітілді. Шараға «Қазақ аналары – Дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің Бас кеңесшісі Зәмзагүл Мұханова, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалының Бас төрайымы Мошқалова Ботакөз Тағайқызы, Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің теолог маманы Данияров Асылхан Қасымұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ілесов Қыстау Інайұлы, аудандық «Ақ әжелер» халық ансамблінің жетекшісі Мүтәлиева Жарылқасын Ізбайқызы, ауданның ақ жаулықты аналары мен әлеуметтік, білім, мәдениет салаларының қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты. Шараны аудандық ардагерлер кеңесі жанындағы «Әжелер алқасының» төрайымы Исаева Гүлзакира Дауленбекқызы жүргізді.
Келген қонақтар бірінші кезекте арнайы қойылған «Халық дәстүрі – асыл қазына» көрмесімен, аудандық «Қасиет» әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан келген Наргиза Сайдакбарова мен Гүлмира Хамзинаның, жеке кәсіпкерлер Қамысбаева Гүлшат Орынбайқызы мен Қожамқұлова Меруерттің қыз жасауы және қол өнер бұйымдарының көрмесімен танысты. Сонан соң келген қонақтар ретімен сөзге шығып көтеріліп жатқан мәселе және бірлестіктің алда атқаратын жұмыстары жайлы өз ойларын ортаға салды.
Республикалық «Қазақ аналары - Дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігі төрайымының Бас кеңесшісі Зәмзагүл Мұханова қорытынды сөзінде кешегі тоқырау кезінде әйелдердің «дорба» көтеріп, көшеге шығып ақша тауып ер азаматтардың беделінің төмендеп қалғаны, ер азаматтардың отбасының тірегі екендігін ешқашан естен шығармай, әйел-аналардың ер азаматтардан бір елі төмен болып соңынан еруі керектігі, өсіріп отырған ұл мен қызға әкенің сөзін бөлмеу, асқа атадан бұрын қол салмау, жолын кесіп өтпеуі жайында, нәрестелердің «Бесік жырын» телефоннан емес әжелерден естуі керектігін айта келіп, алда атқарылатын жұмыстарға тоқталып өтіп, оған шардаралық аналардың атсалысатындығына сенім білдіріп, филиалдың ашылу салтанатына құтты болсын ретінде Бибігүлге күміс жүзігін сыйлап, бірлестіктің Түркістан облыстық филиалының төрайымы Ботакөз ханым Бибігүл Тасқұлқызының бастаған жұмысына сәттілік тілеп, шашу шашты. Шардаралық өнерпаз Ермек Тілеуқабылов аналардың құрметіне Қазақстанның Еңбек Ері, сазгер Шәмші Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнін орындады.
Іс-шара республикалық «Қазақ аналары - Дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігі Шардара аудандық филиалының төрайымы Бибігүл Тасқұлқызының келген қонақтары мен ұйымдастырушыларға Алғыс айтуымен қорытындыланды.
Жаңабай СЕЙДУӘЛИЕВ