ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Ел мерейі – бірлікте!

Мәдениет
Қадірлі жерлестер!
Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
1 мамыр мерекесі – бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған барша отандастарымыз үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің, татулық пен тұтастықтың, бірлік пен берекенің мейрамы. Бұл – бәріміз үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпыұлттық бірліктің мерекесі.
Бірлігі бекем ұлттың алар асуы, шығар шыңы биік болатыны сөзсіз. Ендеше уыздай ұйыған ортақ Отанымызда атқан әрбір бейбіт күннің қадіріне жетіп, бақытты да баянды ғұмыр кешейік! Ел басына сын сағаттар туып, адам денсаулығына алаңдайтын қазіргі төтенше жағдай кезінде бірлік пен ынтымақтың, татулық пен тұтастықтың маңызы ерекше. Біз біріксек қана, бір мақсатқа жұмылсақ қана, адамзат баласына қауіп төндірген бұл сыннан да сүрінбей өтеміз.
Баршаңызды ынтымақ пен бірлік мерекесімен тағы да құттықтай отырып, әр отбасына амандық, денсаулық, ынтымақ, бірлік пен құт-береке, рухани байлық пен даналық тілейміз! Тыныштығы сақталып, ынтымағы жарасқан еліміздің еңсесі биік, мерейі үстем болсын!
Халықтар достастығы мен ынтымақтастығын көздеген мамыр мерекесі, халықтың тамаша дәстүріне, қазақстандық толеранттылықтың бейнесіне, бейбітшілік пен өзара түсіністіктің символына айналған мерейлі мереке құтты болсын!

Ардақты ағайын!

Баршаңызды айтулы мерекемен тағы да шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға құт-береке, бақыт тілейміз! Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық пен келісім әрдайым берік болып, қашанда ынтымағымыз бен бірлігіміз мәңгі жасай берсін!
Береке-бірлігіміз арта берсін, ағайын!

Аудан әкімі А.Қарсыбаев
Аудандық мәслихат төрағасы Б.Мүталиев
Made on
Tilda