ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Фракция мәжілісі өтті

Cаясат
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Шардара аудандық мәслихатындағы «Amanat» партиясы фракциясының жиыны өтіп, оны фракция жетекшісінің орынбасары Раймуханов Болат жүргізді.
Облыстық мәслихаттың депутаты Бақытжан Сермаңызов, «Amanat» партиясы Шардара аудандық филиалының төрағасы Ережеп Бекет, аудандық мәслихат депутаттары қатысқан жиында аудан әкімінің орынбасары Нұрмаханбет Сапаров аудан көлеміндегі сумен, электрмен, газбен жабдықтаудың барысы және жылумен қамтудың барысы жөнінде баяндама жасады.
Ауыл округтері мен қала тұрғындарын таза ауыз сумен қамту, Жаушықұм ауылын газбен қамту, тозығы жеткен электр бағаналарын алмастыру, қаладағы көпқабатты тұрғын үйлерге газ тарту жұмыстарының барысы жөнінде ақпарат берді.
Сол сияқты аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бауыржан Билаловпен бірге фракция мүшелерінің қойған сұрақтарына жауап берді. Келешегі жоқ ауылдарды зерттеп, анықтау, ауылдардағы интернет желісінің жай-күйі, Ұзын ата мәдениет үйіне газ желісін кіргізу, Қоссейіттегі жаңа қоныстанған тұрғындарға газ желісін қосу жолдары талқыланды.
Жиын соңында фракция мәжілісінде көтерілген мәселелердің орындалуын бақылау фракция депутаттарының назарына алынғандығы жөнінде қаулы қабылданды.
Ж.ЖІГЕРҰЛЫ
Made on
Tilda