I. ДАМУ МАҚСАТТАРЫНЫҢ ОРТАҚТЫҒЫ
Орталық Азия аймағы сан ғасырдан бері біртұтас геосаяси және рухани кеңістік ретінде белгілі. Бұл – табиғи ресурсы мен адам капиталы мол, мәдени-тарихи мұрасы бай өңір.
Көшпелі және отырықшы өмір салтының үндестігі мұндағы шаруашылық жүйенің негізі болып қана қоймай, аймақтың өзіндік саяси-құқықтық мәдениетін және кез келген өзгеріске бейімдігімен, төзімділігімен ерекшеленетін құндылықтар жиынтығын қалыптастыруға ықпал етті. Орталық Азия кеңістігі сан алуан им-перияның құрылғанына, ыдырағанына, саяси және экономикалық модельдердің табиғи жолмен дамығанына куә болды, бірақ өзіне тән бірегейлігін сақтап қалды. Халықтарымыз ежелден түрлі өркениет-пен тіл табысып, қарым-қатынас орната білді. Соның арқасында бұл аймақ өзінің этномәдени және рухани ерекшелігін сақтай отырып, Ұлы Жібек жолының және тұтастай алғанда үлкен Еуразияның тарихында шешуші рөл атқарды.
Дамудың жаңа тарихи кезеңінде елде-ріміз көптеген сынақ пен қиындықты бастан өткерді. Дегенмен Орталық Азия республикалары «қалыптаспаған мемле-кеттердің» қатарына немесе failed states деп аталатын топқа қосылады деген пес-симистік болжам расталған жоқ. Аймақ-тағы елдер өздерінің қалыптасқан дербес мемлекет екенін дәлелдеп, халықаралық қауымдастықтағы лайықты орнын алды. Халықтарымыздың бірлігі мен даналы-ғының арқасында біз өзіміздің аумақтық тұтастығымызды, еркіндігіміз бен еге-мендігімізді нығайттық.
Бүгінде өңірдегі әрбір елдің мемле-кеттік құрылыс, нарықтық экономиканы дамыту, мәдени мұрасын қалпына кел-тіру, ұлттық бірегейлігін қалыптастыру ісінде өзіндік тәжірибесі бар десек, ар-тық айтқандық емес.
Қоғамдық және мемлекеттік инсти-туттар жаңғыртылды. Дамыған инфрақұрылым мен өнеркәсіп желісі құрылды, мыңдаған шақырым жаңа теміржол мен автокөлік жолы салынды, маңызды әлеуметтік нысандар бой көтерді. Біздің ашықтық пен жаңару жолындағы бағы-тымыз ұлттық экономикаларымыздың дәйекті түрде өсуін және олардың әлемдік экономикалық қатынастарға ықпалдасуын қамтамасыз етті. Білім беру, денсаулық сақтау және зейнетақы жүйелері-нің жоспарлы дамуы халықтың әлеумет-тік-экономикалық жағдайының айтар-лықтай жақсаруына септігін тигізді.
Өңірдегі мемлекетаралық қатынастар да түбегейлі өзгеріске ұшырады. Елде-ріміздің арасында барлық деңгейде сын-дарлы екіжақты және көпжақты диалог жолға қойылды, өзара тиімді ынтымақ-тастық дамып келеді. Осыған дейін ай-мақтағы қарым-қатынасты жан-жақты дамытуға кедергі келтіріп, қайшылық туғызған мәселелерді шешу жолындағы жетістіктеріміздің мән-маңызы зор.
Су-энергетика саласында өзара тиімді шешім табуға қатысты табыстарымыз-ды жоғары бағалауға болады. Мемле-кеттік шекараларды делимитациялауға, шекарадағы өткізу бекеттерінің жұмы-сын жетілдіруге, көлік қатынасын кеңей-туге, жаңа бағыттарды іске қосуға және азаматтардың барыс-келісін жеңілдетуге қатысты мәселелерді кезең-кезеңімен шешуге қолайлы жағдай жасалып отыр. Өңірдің ұзақмерзімді қауіпсіздігін және өркендеуін қамтамасыз ету үшін күш біріктіру жолындағы іс-қимылдар да тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді. Бұл бағыттан айнымасымыз анық.
Бүгінгі таңда бес мемлекет арасын-дағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастар нақты мазмұнға ие болып, терең стратегиялық әріптестік пен одақтастық деңгейге көте-рілді. Орталық Азия мемлекеттері сырт-қы саяси қарым-қатынаста өзінің сали-қалы стратегиясын жасай алды. Бұл қадам еларалық және өңіраралық мүдде-лер тепе-теңдігін сақтап, елдеріміздің жаһандық үдерістерге толыққанды қаты-суына жол ашты.
Орталық Азия елдері ТМД, ШЫҰ, АӨСШК, ЭЫҰ, ЕАЭО, ТМҰ және басқа да табысты әрі ықпалды ұйымдардың құрылтайшысы ретінде бейбітшілікті жақтайтын мемлекеттер екенін дәлелдей отырып, өзінің идеялары мен жобаларын көпжақты құрылымдарда белсенді түрде ілгерілетіп келеді. Міне, осының бәрі «Орталық Азия бестігін» Еуразия құрлы-ғының төрінде тұрақты дамып келе жат-қан бақуатты елдер деп сеніммен айтуға мүмкіндік береді.
Ортақ тарихымыз, ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан достығымыз бен тату көршілік дәстүріміз бауырлас ха-лықтарды бұрынғыдан да жақындастыра түсетін мызғымас тұғыр болып қала бе-ретіні анық.
II. ДАМУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНДЕГІ АЙМАҚТЫҢ РӨЛІ
Орталық Азия мемлекеттері мен ха-лықтары географиялық орнына байла-нысты ғасырлар бойы бірін-бірі мәдени жағынан байытуға және құрлықта өрке-ниетаралық диалог орнатуға ықпал етті, бейбітшілік пен өзара түсіністікті сақтау ісіне қомақты үлес қосты. Орталық Азия қазір де осы ізгі әрі жауапты миссиясын табысты жалғастырып келеді.
Біздің мемлекеттеріміз Біріккен Ұлт-тар Ұйымы Бас Ассамблеясының маңыз-ды қарарларының тең авторлары атана отырып, жаһандық орнықты даму, жал-пыға бірдей қауіпсіздік пен тұрақтылық-ты қамтамасыз ету, өңірлік және халық-аралық құрылымдар аясында бір-біріне қолдау көрсету сияқты мәселелер бойын-ша ортақ ұстанымнан айныған емес.
«ОА плюс» форматындағы жаңа диа-лог орындарының пайда болуы Орталық Азияның халықаралық саясат субъектісі ретіндегі саяси салмағы арта түскенін аңғартады. Осыған дейін мұндай фор-матта 9 саммит және жоғары деңгейдегі кездесу өтті. Кейінгі екі жылда «ОА – РФ» (Астана), «ОА – ҚХР» (Сиань), «ОА – АҚШ» (Нью-Йорк), «ОА – ГФР» (Берлин) бірінші саммиттері, ОА және Еуропалық Одақ мемлекеттері басшы-ларының екі кездесуі (Астана, Шолпан-Ата), «ОА – ПШАМЫК» (Жидда) бірінші саммиті, сондай-ақ «ОА – Үндістан» саммиті (онлайн форматта) өткізілді. Биыл Астанада алғаш рет «ОА – Жапония» саммиті өтеді.
Осы форматтағы өзара ықпалдастық-қа басқа да елдер, халықаралық ұйымдар қызығушылық танытып отырғанын атап өткен жөн. Осылайша, өңірдің әлемдік арена субъектісі ретіндегі орнын бекітуге маңызды қадам жасалып жатыр.
Жаңғыртуға және озық білімге ұм-тылумен қатар, дәстүрлі құндылықтарды ұстану жолы – Орталық Азияның даму бағдары. Сөйтіп, біздің аймақ жаңарып жатқан халықаралық жүйенің дербес әрі ықпалды мүшесіне айналып келеді. Бүгінде біз халықаралық геосаяси және гео-экономикалық өзгерістердің Еуразияда-ғы орталығы ретіндегі рөлімізді нығайту-ды көздеп отырмыз.
Өңірдің экономикалық салмағының арта түсуі, инновациялар үшін ашық бол-уы және зияткерлік әлеуеті оның қазіргі заманғы әлемдік құрылымның негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналуына мүмкіндік беретін алғышарттарды қа-лыптастырады. Біздің мемлекеттеріміз-дің бұған қажетті барлық ресурсы мен мүмкіндігі бар.
Сыртқы әріптестерімізбен бірлесіп жүргізетін өңірлік жобалар аясындағы ортақ ұстанымдарымызды диалог алаң-дарында жан-жақты ілгерілету үшін күш біріктіру мәселесі ерекше назар аударуға лайық.
Орталық Азияны Еуропа мен Азия-ның арасындағы көпір ретінде ғана емес, халықаралық қатынастар саласында жаһандық деңгейдегі жаңа орталыққа айналуға қабілетті жеке ойыншы ретінде танытатын уақыт келгеніне сенімдімін.
III. ӨЗАРА ЫҚПАЛДАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ
Алдағы он жыл біздің аймақтың бола-шағын айқындайтын кезең болатыны айдан анық. Осы тарихи мүмкіндікті қан-шалықты тиімді пайдалана алатынымыз тек өзімізге байланысты.
Жаһандық геосаяси ахуал аумалы-төкпелі болып тұрған қазіргі кезде біз өңірде өзара сенімге және ортақ әрі біртұтас қауіпсіздікке негізделген кеңіс-тік құрдық, өңірлік ықпалдастыққа бөгет кедергілерді жойдық, көп қырлы ынтымақтастығымызды жоғары сапалы дең-гейге шығаратын тұғыр қалыптастыр-дық.
Қазақстан бүгінде Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдерімен одақтастық қатынас орнатып, Түрікменстан-мен стратегиялық әріптестікті дәйекті түрде кеңейтіп келеді. Халықтары-мыздың өзара жақын болуға ұмтылысы барлық деңгейдегі байланыстың күшеюінен де көрінеді. Мемлекет басшылары-ның бір-біріне жиі сапарлап, тұрақты кездесуі парламентаралық, үкіметара-лық және ведомствоаралық байланыс-тарды тереңдетуге тың серпін берді.
Белсенді саяси диалог пен ізгі ниет бесжақты ықпалдастықты дамыту ісінде маңызды ұйыстырушы факторға айнал-ды. Өңірдегі мемлекеттер бір-бірінің тәу-елсіздігін, егемендігін және аумақтық тұтастығын құрметтеу, келіспеушіліктер туындай қалса оны бейбіт жолмен шешу сияқты іргелі қағидаттарға негізделген ынтымақтастықтың Орталық Азияға ғана тән бірегей үлгісін қалыптастырды.
Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Астанада, Ташкентте, Түрікменбашыда, Шолпан-Атада, Душанбеде бес консультативтік кездесуі болды. Соның нәтижесінде өңірлік ықпалдастық барынша тереңдеп, кеңейе түсті. Тіпті бұрын-соңды болмаған дең-гейге көтеріліп, интеграциялық үдеріс-тер дәйекті, жүйелі және ең бастысы, үздіксіз сипатқа ие болды десем, артық айтқандық емес.
2018 жылы Астанада өткен алғашқы кездесуде өңірдегі бес елдің ықпалдастығына қатысты негізгі бағыттар ай-қындалды. Соның арқасында өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласын-дағы байланыстар жандана түсті.
2019 жылы Ташкенттегі екінші кездесуде Орталық Азия көшбасшылары өңірлік ықпалдастықты нығайта түсетін болашағы зор бірқатар бастама көтерді. Атап айтқанда, Қазақстан ХХІ ғасырда Орталық Азияны дамыту үшін Достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа қол қою, сондай-ақ өңір елдерінің Қауіпсіздік кеңестері хатшы-ларының тұрақты кездесуін өткізу қажет-тігі туралы ұсыныс білдірді. Саммит-терді өткізу регламентінің қабылдануы басқосудың маңызды нәтижесі болғаны даусыз.
2021 жылы Түрікменбашы қаласындағы үшінші саммит өте мазмұнды өтті. Мемлекет басшылары Парламентаралық форум мен Жастар форумын шақыру, Іскерлік кеңес құру туралы бастама көтер-ді. Консультативтік кездесулер симво-ликасының бекітілуі де – айтулы қадам.
2022 жылы Шолпан-Атада өткен төртінші кездесудің басты саяси қоры-тындысы ретінде ХХІ ғасырда Орталық Азияны дамыту үшін Достық, тату көр-шілік және ынтымақтастық туралы бес-жақты шартқа қол қою рәсімінің бас-талуын, сондай-ақ Орталық Азияның «Жасыл күн тәртібі» бағдарламасының және көпжақты форматтар аясындағы ықпалдастық тұжырымдамасының бекі-тілуін айтуға болады.
2023 жылы Душанбедегі мерейтойлық бесінші кездесуде Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консуль-тативтік кездесулерінің форматын ин-ституттандыру жолында алғашқы қадам жасалды. Елдердің көшбасшылары Ұлттық үйлестірушілер кеңесін (Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесулері істері бойынша) құру туралы шешім қабылдады.
Астанадағы алтыншы консультативтік кездесуде көлік саласындағы ведомство басшыларының басқосуы одан әрі жалғасады, энергетика минис-трлерінің алғашқы кездесуі болады. Сон-дай-ақ өңірдегі мемлекеттердің бұқа-ралық ақпарат құралдарына және ақпа-рат мәселелеріне жауапты министрлері мен өзге де лауазымды тұлғаларының кеңесі өтеді.
Жалпы алғанда, жоғары деңгейдегі жүйелі кездесулер барлық бағыт бойын-ша бірлескен жұмысқа елеулі серпін берді. Өңірлік ынтымақтастықты дамыт-уға арналған жол карталарының қабыл-дануы бұған зор септігін тигізіп отыр. Оларға ықпалдастықты нығайту жөнін-дегі нақты іс-шаралар енгізілген. Соның нәтижесінде, аймақта сауда-экономи-калық және іскерлік байланыстар айтар-лықтай жанданды. Орталық Азия аумағы тарих тұрғысынан қарағанда тым қысқа мерзім ішінде сауда, инвестициялық және көлік-коммуникациялық әлеуеті жылдам артып келе жатқан өзара тиімді ынтымақтастық кеңістігіне айналды.
Кейінгі 5 жылда (2018-2023 жылдар) өзара сауда айналымы 2 есеге жуық көбейіп, 5,7 миллиард доллардан 11 миллиард долларға дейін артты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ішкі тауар айналымы 25 пайызға өсті. Соның ішінде Қазақстанның Орталық Азия елдерімен саудасы былтыр 26,8 пайызға артып, 8 миллиард долларға жетті.
Бірлескен ірі жобалар оған қатысушы елдерге қомақты пайда әкеліп қана қой-май, Орталық Азия экономикасының бү-кіл құрылымын өзгертіп отыр.
Шекара маңындағы аудандарда сауда-логистика және өнеркәсіп хабтарының желісін дамыту ісі ынтымақтастықтың маңызды бағыты саналады. Бұл хабтар өзара сауда мен ортақ инвестициялық қызметті алға бастайтын жаңа драйвер бола алады.
Елдеріміздің көлік-логистикалық әлеуетін тиімді пайдаланудың стратегиялық маңызы артып келеді. Бұл сала өңірдің қарқынды дамуына жаңаша серпін беретін қозғаушы күшке айналуға тиіс.
Экономикалық өрлеудің нақты бас-тауы саналатын өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және цифр-ландыру салаларында бірлескен кәсіп-орындар құруға көп көңіл бөлініп жатыр. Орталық Азия мемлекеттерінің өнеркә-сіптік кооперациясын дамыту жөніндегі іс-қимыл жоспарының биыл бекітілуі осы бағыттағы маңызды қадам болмақ.
IV. ӨҢІРЛІК ЫҚПАЛДАСТЫҚТЫҢ КЕЛЕШЕГІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ПАЙЫМ
Осының алдында Душанбеде өткен саммит бес мемлекеттің «ортақ мекенін» трансформациялау жолында күш жұмыл-дыруы Орталық Азияның экономикасы дамыған және көркейген өңірге айналуына қуатты серпін беретінін тағы бір дә-лелдеді. Бұл ретте Астана кездесуі өңір мемлекеттерін алдағы бес жылда (2024-2028 жылдар) дамытуға арналған жаңа кезеңнің бастауы болуға тиіс.
Қазіргі жаһансыздану жағдайында Орталық Азия елдерінің өңірішілік ық-палдастығы оның ерекше өркениет ара-лы ретінде өзін өзі сақтауы үшін де, біртұтас болмыс ретінде өңірді тұрақ-тандыру үшін де аса өзекті. Елдеріміз бен халықтарымыздың тарихы мен мәде-ниеті ортақ болғандықтан, бес мемлекет бірін бірі толықтырып отырады. Бұл бізді біріктіретін басты күш болуға тиіс.
Ұлы әл-Фарабидің «Халықтар бақыт-қа жету үшін бір-біріне көмектесе білсе, бүкіл жер беті ізгілікке толады» деген сөзі бар. Дамудың жаңа кезеңінде біздің алдымызда осы өңірдің және оны мекен еткен халықтардың тағдырын айқындайтын бірқатар маңызды мақсат-міндет тұр.
Бірінші. Орталық Азияда ғана емес, сонымен қатар іргелес жатқан аймақтар-да да бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау – ұзақ мерзімге арналған өркен-деу мен дамудың маңызды алғышарты.
Қазақстанның сыртқы саясатындағы басым бағыттың бірі – тепе-теңдікті сақ-тауға ұмтылу. Біз әрдайым «Бейбітшілік бәрінен қымбат» деген қағиданы ұстана-мыз. Қазақстан әлем қоғамдастығының жауапты мүшесі ретінде халықаралық құқық қағидаттарын қатаң сақтау, еге-мендікті құрметтеу және шекараның тұ-тастығына қол сұқпау қажет деп санай-ды.
Қазақстанның бұл пайымымен келі-сетін елдер аз емес деп сеніммен айта аламын. Көптеген елдің ұстанымдары бір-біріне ұқсайды. Оның бәрі әділ әрі болжауға болатын әлемдік тәртіп орна-туға негізделген. Бұл ұстаным қазіргі беймаза заманда болашақ туралы сын-дарлы көзқарас қалыптастыруға жол ашады.
Орталық Азияның айналасында күр-делі әскери-саяси ахуал сақталып отыр-ған қазіргі жағдайда қорғаныс саясаты мен қауіпсіздік саласында бірлесе әрекет жасау қажеттігі туындайды. Өңірлік қауіпсіздік жүйесін құру, оның ішінде Орталық Азияның қауіпсіздігіне байла-нысты сын-қатерлер тізімін және оның алдын алу шараларын әзірлеу мәселесі өте өзекті.
Орталық Азияда біртұтас қауіпсіздік кеңістігін қалыптастыру, бұрыннан бар және жаңадан пайда болған қауіп-қатер-лерге қарсы күресуге қатысты негізгі түйткілдерді шешетін кешенді тәсілдер қарастыру, олардың алдын алу және қа-терлер туындаса қолға алынатын шара-ларды ойластыру, сондай-ақ БҰҰ-мен және осы саладағы басқа да халықара-лық, өңірлік ұйымдармен белсенді ық-палдастық орнату аймақтағы мемлекет-тердің ең басты басымдықтары сана-лады.
Екінші. Экономикалық әлеуетімізді одан әрі арттыру, ықпалдастықты терең-дету.
Көпжақты ықпалдастықтың берік экономикалық негізін қалыптастыру мә-селесі біздің елдеріміздің айнымас мін-деті болып қала беретіні сөзсіз. Өңірдегі мемлекеттердің бірлескен күш-жігері мен қуатты экономикалық әлеуетінің арқасында Орталық Азия аумағы сауда, инвестиция, ғылым және инновация саласында зор мүмкіндіктері бар кеңіс-тікке айналып отыр.
Елдеріміздің жалпы аумағы – 3 882 000 шаршы шақырым, халқының саны 80 миллионнан асады, ал ішкі жалпы өнімі 450 миллиард долларға жуықтайды. Әлемдегі уран қорының шамамен 20, мұнайдың 17,2, табиғи газдың 7 пайызы – біздің аймақтың еншісінде. Орталық Азия көмір өндіруден әлемде 10-шы, электр энергиясын өндіруден 19-орында тұр.
Біздің экономикаларымыз бірін-бірі толықтырып отырады. Бұл жағдай ел-деріміздің сыртқы факторларға лайықты төтеп беруін қамтамасыз етіп, сауда-өн-діріс саласындағы циклдерді әртараптандыруға мүмкіндік береді. Бірлескен экономикалық жобаларды тиімді іске асыру осы үдеріске оң ықпал ете алады.
Экономикаларымызды технологиялық жағынан дамыту – маңызды міндет. Біз табиғи ресурстарға тәуелділіктен бір-тіндеп арылуымыз қажет. Осы ретте медиа, кино, музыка, дизайн, білім беру және ақпараттық технологиялар саласын қамтитын креативті индустрия мен цифрландыру ісі экономикаға тың серпін беретін күшке айнала алады. Өңір елде-рінің осы бағытта бірлескен жобалар әзірлеуге әлеуеті де жетеді.
Цифрлық және креативті индустрияның жаппай қарқын алуы шикізатқа сүйенген экономикадан зияткерлік си-паттағы өндіріске дәйекті түрде көшуге ықпал ететін болады. Орталық Азияның ықпалдастығы біздің елдеріміздің ұлттық экономикалық өсімінің басты себепшісі болмағанымен, оның негізгі қайнар көзінің бірі бола алатынына сенімдімін.
Үшінші. Өңірдің жер жүзіндегі ең маңызды көлік-логистика және транзит хабтардың біріне айналуға толық мүм-кіндігі бар.
Орталық Азия аймағы күн өткен сай-ын жаһандық көлік қатынастарының бас-ты тармағына айналып келеді. Бұл ретте ең алдымен, Қытайдың бастамасымен қолға алынған, болашағынан зор үміт күттіретін «Бір белдеу, бір жол» жобасын және «Солтүстік – Оңтүстік» халықара-лық көлік дәлізін атап өтуге болады. Бұл жобаларға өңірдегі елдердің бәрі белгілі бір деңгейде қатысып жатыр.
Қазір біздің мемлекеттеріміз жаңа көлік дәліздерін қалыптастыруға қатысты басқа да маңызды идеяларды жүзеге асыруға кірісті. Қазақстан өзінің серік-тестерімен бірлесіп, Транскаспий халық-аралық көлік бағдарын (Орта дәліз) бар-ынша дамытып жатыр. Осы бағытпен тасымалданатын жүк көлемі орта мер-зімде бес есеге артуы мүмкін.
Қазақстанда теңіз инфрақұрылымы-ның, яғни Ақтау және Құрық айлақтары-ның дамуына байланысты жаңа мүмкін-діктер ашылып жатыр. Аталған порттар арқылы Қытайдан, Орталық Азия елде-рінен Оңтүстік Кавказға, Түркияға, одан әрі Еуропаға жөнелтілетін жүк көлемі артып келеді.
Қазір Ауғанстан аумағы арқылы өте-тін көлік дәліздерін ашу қарастырылып жатыр. Бұл қадам Оңтүстік Азия елдері-нің әлеуеті мол нарықтарына және Үнді мұхитындағы айлақтарға шығуға жол ашады. Бұған осы өңірдегі бүкіл ел мүдделі. Біз Орталық Азияның өз ішінде және одан тысқары елдермен көлік сала-сындағы ынтымақтастық ауқымын кең-ейту арқылы көптеген мақсатқа жете аламыз.
Көлік қатынастарын кешенді түрде жақсарту (әуе рейстерінің жиілігін арт-тыру, жаңа әуе және теміржол бағыт-тарын іске қосу, шекарадағы өткелдерді жаңғырту, т.б.), инновациялық техноло-гияларды енгізе отырып, көлік инфра-құрылымының қарқынды дамуын қамта-масыз ету, транзит мүмкіндіктерін кеңей-ту және өңірдің транзиттік-логистика-лық әлеуетін тиімді пайдалану мәсе-лелері болашақта біздің елдеріміздің транзит-көлік саласындағы ықпалдасты-ғының негізгі бағыттарына айналуға тиіс.
Төртінші. Су, энергетика және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ортақ ұстанымдарды әзірлеу.
Соңғы жылдары аймақтағы барлық ел су тапшылығын көріп отыр. Бұл жағдай ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын тө-мендетіп, халыққа едәуір залалын тигіз-ді. Осы ретте Халықаралық Аралды құт-қару қорының (ХАҚҚ) аса маңызды су-энергетикалық, экологиялық және әлеуметтік-экономикалық проблемаларды талқылау және шешу жолындағы бірегей өңірлік құрылым ретінде айрықша рөл атқаратынын атап өткім келеді.
Су мәселесі өңірдің азық-түлік қауіп-сіздігімен тығыз байланысты. Сондық-тан Қазақстан ХАҚҚ-тың қазіргі төр-ағасы ретінде осы қордың аясындағы ын-тымақтастықты жандандыруды, сондай-ақ азық-түлік мәселесін де қамти оты-рып, Халықаралық су-энергетика кон-сорциумын бірге құруды ұсынды. Біздің еліміз бұл мәселелерді шешу жолындағы сындарлы әрі ашық диалогке қашанда қолдау білдіреді.
Қырғызстандағы Қамбар ата 1-ГЭС-інің және Тәжікстандағы Рогун ГЭС-інің құрылысы бүкіл өңір үшін энергетика саласындағы ғасыр жобасына айналуы мүмкін. Бұл нысандарды салу барлық тарапқа жан-жақты ықпал етеді.
Барша адамзатты азық-түлікпен қам-тамасыз ету ісіне әлі де жалғасып жатқан геосаяси дағдарыстар кесірін тигізіп отыр. Орталық Азия елдерінің сыртқы факторларға тәуелділігін азайту үшін осы бағытта өзара үйлестірілген шаралар қабылдау қажеттігі туындады. Сол үшін Қазақстан Орталық Азияда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспарын жасап, бес ел арасында талдау жүргізіп, деректер алмасатын бірыңғай ақпарат-тық платформа қалыптастыруды ұсын-ды.
Жаһандық климаттың өзгеруінің сал-дарын азайтатын маңызды қадам – «жа-сыл» экономикаға көшу. Өңір елдерінде жаңартылатын энергетиканың өздерін-дегі үлкен табиғи әлеуетін іске асыруға ұмтылыс бар. Мәселен, Қазақстан 2030 жылға қарай ЖЭК үлесін 15 пайызға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Ал 2060 жылға қарай біз көміртегі бейтараптығы-на қол жеткізуге ниеттіміз.
Жаңартылатын энергия көздерін кеңі-нен пайдалану парниктік газ шығарын-дыларын азайту арқылы қоршаған ортаға пайдасын тигізіп қана қоймай, энергети-калық қауіпсіздікті арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді. Білім, ресурс және озық тәжірибелер ал-масуды жалғастыру осы саладағы ынтымақтастықты нығайта түсуге септігін ти-гізеді.
Бесінші. Орталық Азияның ең маң-ызды және ең құнды ресурсы – білімді жас ұрпақ.
Орталық Азия – әлемдегі халқы ең жас өңірдің бірі. Аймақ тұрғындарының орташа жасы – небәрі 28,7. БҰҰ-ның болжамына сүйенсек, 2040 жылға қарай азаматтарымыздың орташа жасы одан әрі төмендеп, 28,3-ке жетеді. Бұл – Солтүстік Америка (41,5), Еуропа (46,8), Қытай (48) сияқты басқа өңірлерге қатысты болжам-дардан әлдеқайда төмен көрсеткіш.
Мұны бес елдің де экономикалық және әлеуметтік дамуына кең жол ашатын бірегей бәсекелік артықшылық деуге болады. Жастар экономика, технология және мәдениет салаларындағы жаңару үдерістерінің қозғаушы күші бола алады. Жаһандық бәсекелестік жағдайында та-бысқа жетудің кілті өскелең ұрпақтың қолында.
Осы орайда ғылым-білім саласындағы ынтымақтастықты тереңдету, жастар арасындағы байланысты нығайту және жас ұрпаққа тың мүмкіндіктер беріп, әлеуетін асыруға бағытталған ор-тақ құрылымдар қалыптастыру – өзекті міндет.
Қазақстан жоғары оқу орындары ара-сындағы ықпалдастықты дамыту, бір-бірінің аумағында білім ордаларының филиалдарын және ортақ факультеттер ашу ісіне барынша қолдау білдіреді. Біз көрші елдер жастарының Қазақстанда жоғары білім алуға деген ұмтылысын жоғары бағалаймыз және олардың өз университеттерімізде оқуына берілетін квота санын біршама арттырамыз. Бү-гінде Қазақстанның жоғары оқу орын-дарында Орталық Азиядан келген 9 мыңға жуық студент білім алып жүр.
Кейінгі жылдары елімізде шетелдің бірқатар жетекші университеттің өкіл-діктері ашылды. Ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын жоғары оқу орында-рының саны артып келеді. Технология-лық парктер мен инженерлік орталықтар ашылып жатыр. Бұл жұмыс Қазақстанды өңірлік білім беру хабына айналдыру жөніндегі стратегиялық мақсатымыздың аясында жүргізіліп отыр. Біз жоғары бі-лім берудің Орталық Азиядағы бірыңғай кеңістігін құру жолында күш-жігерімізді біріктіріп, сеніммен алға қадам бастық.
Алтыншы. Бауырлас халықтардың мәдени-гуманитарлық байланыстарын үйлестіру негізінде елдеріміздің өрке-ниеттік бірегейлігін қалыптастыру маң-ызды миссияға айналып келеді.
Орталық Азияның заманауи келбетін жасай отырып, біз азаматтарымыздың ұлттық және өңірлік бірегейлігіне жаңа көзқарасты да қалыптастырамыз. Бізді Орталық Азияға тән айрықша болмы-сымыз біріктіреді. Төл мәдениетіміз бен дәстүрлеріміз де соның негізінде қалыптасқан. Ортақ тарихи тамырымызды құрметтеу, мәдениетаралық диалог және конфессияаралық келісім Орталық Азия бірегейлігінің өзегі саналады.
Тарихи жадымыз – халықтарымыз-дың ұлттық сана-сезімінің мызғымас тұ-ғыры. Біз ата-бабаларымыздың жетістік-терін және бай мәдениетімізді мақтан тұтамыз. Осы орынды мақтаныш қазір барша ұлттардың табысты дамуына, сон-дай-ақ олардың болашаққа сеніммен қадам басуына қуатты серпін береді. Сондықтан біз ортақ тарихымыздың жарқын беттеріне көбірек назар аударуға тиіспіз. Орталық Азияның жалпы тарихын түркі, парсы, араб, қытай, Ресей және Батыс Еуропа дереккөздеріне сүйеніп жазу ма-ңызды міндет деп санаймын.
Жаһандық бәсекеге қабілетімізді арт-тыру үшін біз бірлігімізді сақтай отырып, ортақ мақсаттарға үздіксіз ұмтылуымыз керек. Ұлы Абай «Бірлік – ақылға бірлік» деп бекер айтпаған.
Қазір жер жүзінде геосаяси жобалар мен идеологемалар дәріптеліп жатыр. Мұндай жағдайда біз өзімізге тән қонақ-жайлық, ынтымақ және өзара қамқорлық сияқты қасиеттерімізді, сондай-ақ отба-сылық құндылықтарымызды және басқа да озық дәстүрлерімізді қамтитын рухани-мәдени кодымызды көздің қарашығындай сақтауымыз керек.
Сөз соңында өңірлік ынтымақтастық-тың шынайы ахуал ғана емес, өмірлік қажеттілік екенін атап айтқым келеді.
Геосаяси белгісіздік белең алып, әлем-дік тәртіптің қалыптасқан үлгісі ыдырап тұрған қазіргі жағдайда бұл – шын мә-нінде, бірден-бір оңтайлы тәсіл. Біздің болашағымыз бірлігімізді нығайтуға, өз-ара сенімді арттыруға және барша әлемге ашық болуға байланысты. Осы қағидат-тардың негізінде ғана біз Орталық Азия-ның серпінді, инновациялық және мәдени бай өңір ретіндегі ренессансын қамта-масыз ете аламыз.
Өңірлік бірлік парадигмасын күшей-ту қазіргі және болашақтағы сын-қатер-лерге барынша лайықты жауап болады, жағымсыз үрдістерді тежеуге қатысты ортақ ұстанымдарды әзірлеуге мүмкіндік береді, кез келген сыртқы күшке қарсы тұруға қажетті пәрменді шаралардың негізіне айналады. Сол үшін Қазақстан-ның ұсынысы бойынша Аймақтық ко-операцияны дамыту жөніндегі «Орталық Азия – 2040» тұжырымдамасы дайындалды. Онда көпқырлы және бесжақты ықпалдастықты одан әрі дамыту бағдар-лары айқындалған.
Біз өз тарапымыздан «Табысты Орта-лық Азия – табысты Қазақстан» қағида-тын дәйекті түрде ұстанып келеміз және өңірдегі стратегиялық әріптестеріміз бен одақтастарымыз интеграциялық үдеріс-терді одан әрі дамытуға қаншалықты дайын болса, біз де соншалықты дайын екенімізді мәлімдейміз.
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ,
Қазақстан Республикасының Президенті