ШАРТАРАП ШАРАЙНА

А.ҚАРСЫБАЕВ: «ТАПСЫРЫЛҒАН ӘРБІР ЖҰМЫС УАҚТЫЛЫ ОРЫНДАЛУЫ КЕРЕК»

Cаясат
«Елдің тілегі ескерілуі керек!» дегенді ұстанатын аудан әкімі осыған дейін ауқымды істерді атқарып келе жатқанын тегіс жұрт біледі. «Нағыз жауап дегеніміз – жауапкершіліктің басы ғана. Сондықтан да нағыз сұрақ қайтарылған жауаппен бірге күн тәртібінен түсіп қалмайды» дейтін аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың төрағалығымен апта басында лездемелік аппараттық мәжіліс өтті. Жиында күн тәртібіндегі Қызылқұм ауылындағы ауыз су ұңғымасының мәселесі, Жаушықұм ауылын газдандыру құрылысы, Шардара қаласының кәріз жүйесі, жарықтандыру, тазалықты күшейту, көпқабатты үйлерді газдандыру, шегірткімен күрес, қашыртқыларды тазалау, инвесторларды тарту жұмысы, жағажайларға әжетхана салу және басқа да инфрақұрылым мен құжаттама жұмыстары қозғалды.
-Халыққа керегі – тыныштық пен тұрақтылық. Осыны қамтамасыз етуіміз қажет. Абай атамыз “Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей” деп бекер айтпаса керек. Еңбек етуіміз керек. Қысқасы, барлығы өзімізге байланысты. Әрбір шешім халық мүддесі үшін,- дей келіп аудан басшысы жиын барысында аудандағы түйіткілдерге қатысты қойылған сұрақтарға тоқталды.
Сондай-ақ, аудан әкімі тиісті тапсырмалар жүктелген орынбасарлар, бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне қатаң ескерту жасап, мерзімінен кешіккен әрбір жұмыс үшін шара көретінін тілге тиек етті. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанынында атқарылған жұмыстарды қорытындылап, әрбір саладағы жұмысты ширатуды тапсырды.

Бота Болатова
Made on
Tilda