«Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де – тілінде. В.Радлов айтқандай, қазақ тілі – ең таза әрі бай тілдің бірі. Тіл өткен тарихпен ғана емес, бүгін мен болашақты байланыстыратын құрал. Меніңше, тілдің тұғыры да, тағдыры да бесіктен, отбасынан басталады. Отбасында ана тілінде сөйлеп өскен бүлдіршіннің тілге деген ықыласы терең, құрметі биік болады».
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев.
Семинар
«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде»
Өткен аптаның соңында аудан әкімдігінің мәжіліс залында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Түркістан облыстық филиалының Шардара ауданы әкімдігімен бірлескен «Тіл. Әдістеме, Нәтиже» атты облыстық көшпелі семинары өтті. Оған мекеме қызметкерлері, ауыл әкімдері, тіл жанашырлары, кітапханашылар мен мектептердің қазақ тілі пәні мұғалімдері қатысты.
Семинарды модератор, Түркістан қаласындағы Қазақ-түрік университетінің профессоры Бекжігіт Сердәлі ашып, жүргізіп отырды.
Семинарға келген қонақтар мен қатысушылар таныстырылып өткеннен кейін алғашқы сөз алған аудан әкімінің орынбасары Сапаров Нұрмаханбет:
– Саламатсыздар ма, құрметті қонақтар, семинарға қатысушылар! Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі болып есептеледі. Тілі – ұлттың жаны, халықтығының асыл белгісі, намысы, тыныс тіршілігінің көзі. Сондықтан бүгінгі өткізіліп отырған семинардың қаншалықты маңызды екендігі бәрімізге белгілі. Сондықтан семинарды ашық деп жариялаймын. Семинардан алған әсерлеріңізді ел-жұртпен бөлісе жүріңіздер, – деді.
Семинарда облыстық білім басқармасының қызметкері Камшат Дандыбаева «Мемлекеттік тілдің мәртебесі» тақырыбында баяндама жасады.
– Еліміздің Тәуелсіздік алғанына отыз жылдан асты. Содан бері не өзгерді? Неден ұттық, неден ұтылдық деп жан-жағымызға қарайлайтын, бар-жоғымызды бажайлайтын кез келген сияқты. Мемлекеттік тілді дамыту мен қолдануға арнап он жылдық бағдарлама да қабылдадық. Осы бағдарламаның мәліметтеріне сүйенсек елімізде 2025 жылы мемлекеттік тілді меңгергендердің үлесі 95 пайыз болуы керек болатын. Бірақ біз оны қағаз жүзінде 2017 жылы меңгеріп қойыппыз. Бұл мәлімет көңілді көтергенмен қоғамдағы көрініс тіптен бөлек. Бүгінде қазақ тілінің хал-ақуалы бірқалыпты жағдайда емес. Мемлекеттік статусы болғанымен көп жағдайда қолдану аясында тіліміз өз мәртебесіне жете алмауда. Қоғамда «Қазақ тілі – ана тілім» деп айта алғанмен ана тілінде сөйлеуге шорқақ, немесе тіпті де сөйлей білмейтін қазақ азаматтары көп. Тіпті қарапайым халықты қойып, аты дардай азаматтардың өзінің қазақ тілінде жасаған мәлімдемелерін есітігенде жағамызды ұстаймыз.
Бірақ ана тілімізге шорқақ жандарды қазақша сөйлеуге міндеттейтін заңымыздың да бар екендігін ескеруіміз абзал, – деген Кәмшат Өмірбекқызы «қара орысты көргенде сары орыспен жылап көрісесің» дегендей оқулықтардың, ғылыми еңбектердің аудармаларының сапасында ұлттық ерекшеліктердің назарға алынбайтындығын атап өтті. Баяндамасының қорытындысында «Қазақ тілінің ахуалы күрделі мәселе. Қазақ тілі қолданыста деген сөз тек қағаз жүзінде орындалуда. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдауларды дұрыс пайдаланып мәртебесін көтеру республика азаматтарының әрбірінің азаматтық борышы. «Ұлттық тілі – ұлттың ділі» деп халық даналары айтқандай ұлтымызды сақтайық! Ана тіліміздің айбынын асқақтатып, Қасиетті қазақ жерінде қазақ тілінің мәртебесін көтерейік! Төл тілімізден қашпай, төрге сүйрейік! Сонда ғана Қазақстанымыздың түндігі берік болмақ» деді.
Елімізде өзге ұлт оқушыларына мектепте мемлекеттік тілді үйрету жақсы жолға қойылған. Оны біз әлеуметтік желілерден, түрлі ұлт өкілдерінің қазақ тілінде күй шертіп жатқаны, ән айтып жатқаны, еркін сөйлеп жатқанынан аңғарамыз. Осының бәрі жергілікті жердегі мұғалімдердің еңбегі екендігін жеткізген қаладағы М.Горький атындағы жалпы білім беретін мектептің орыс сыныптарына қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беретін Найманова Айгүл Әлібекқызы өзінің «Өзге ұлт оқушыларына мемлекеттік тілді оқыту әдістемесі» атты баяндамасында мектептегі жетістіктерімен бөлісті.
Мектепте өзге ұлт мұғалімдерінің көпшілігі мемлекеттік тілді ауызекі сөйлеу деңгейінде меңгерген. Көпшілігі қазақ тілін үйренуге қызығушылық танытып, қазақ тілі курстарына, қазақ тіліндегі байқау-сайыстарға қатысып жүргендері бар. Атап айтқанда, Караленка Елена Николаевна қазақ тілі курсында оқиды. Жас маман Еленора өзге ұлт жастары арасында өткізілген «Тілге құрмет – елге құрмет» аудандық байқауында жүлделі екінші орынға ие болған. Мектепте 24 орыс сыныбы бар. Оларға мемлекеттік тілді үйретіп жүрген әдістемелік бірлестік құрамында он мұғалім жұмыс жасайды. Оқушылары да түрлі байқаулардың жүлдегерлері.
Сауран ауданындағы Ахмет Юғнаки атындағы мектеп директорының орынбасары Шошибаева Жанар Бертайлаққызының мектептегі өзбек ұлтының балаларына қазақ тілін оқыту жөніндегі ақпараттармен қоса берілген «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты баяндамасында да қазақ тілінің мәртебесін көтеру жайлы көптеген ой айтылды.
Кейде қала аралап жүргенімізде көше бойындағы ғимараттарда сауда, мәдениет орындарының атаулары өзге тілде жазылып тұрғандығын байқаймыз. Қазақстан мемлекетінде өмір сүре отырып кейде адамның тілі сынатын, тіліміз келмейтін атауларды көргенде не дерімізді білмей, қай мемлекетте жүргенімізді де түсінбей қаламыз. Бұл да ойланатын мәселелердің бірі болып тұр. Шардара аудандық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Маржанкүл Жұбаева өзінің «Жарнамалық көрнекілік – қаламыздың келбеті» тақырыбындағы баяндамасында орталықта атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.
Көрнекті ақпарат пен жарнама тілін біріздендіру әлеуметтік жобасы басталып, кез-келген қызмет көрсету орындарында, мемлекеттік, жекеменшік сауда-саттық саласында дүкен маңдайшасындағы жазу тақтайшада хабарландыру сияқты жалпы көрнекі ақпараттар заң аясында жазылуын, деректемелердің дұрыс орналасуы қадағалануда екен. Бұл бойынша БАҚ, аудандық кірістер басқармасы, аудандық ішкі саясат, аудандық «Жастар ресурстық орталығы қызметкерлерімен бірге қаңтар айында «Сауатты жарнама – тіл тазалығының айнасы», ақпан айында «Жарнама жазуларына қойылатын талаптарды түсіндіру», наурыз айында «Жарнама, көрнекі ақпарат – қала келбеті» акциялары ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Бұл акция ауданда орналасқан қызмет көрсету ұйымдарының, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Заңының 21 бабына, «Жарнама туралы» заңының 6-бабына сәйкестігіне мониторинг жүргізу, 2021 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасындағы кейбір Заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырылулар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілген.
Баяндамалар жасалып болған соң пікір алмасу сағатында сөз алған аудандық білім бөлімінің әдіскері Гауһар Шамеева қазақ тілі мен қазақы салт-дәстүріміздің қаймағы бұзылмай Оңтүстік өңірде сақталғанын, ауданда тілімізге деген құрметтің ерекше екендігін, көптеген іс-шаралар өткізілетіндігін атап өтіп, бұндай семинарларды солтүстік өңірлерде өткізіп, оған оңтүстіктің тіл мамандарын қатыстыру оңтайлы шешім болатындығын айтты.
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бақытжан Сүлейменұлы осындай семинардың өткен айда Қазығұрт ауданында өткенін, алдағы уақытта өзге аудандарда да өткізілетіндігін, сонымен қатар алда бірге атқаратын жұмыстардың ауқымымен таныстырды.
Сөзінің соңында ұйымдастыру шарасы бойынша Шардара аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағалығына ақын, сазгер Нұрғали Мырзахметовті тағайындап, куәлік табыс етті.
Сонымен қатар Бақытжан Сүлейменұлы мемлекеттік тілді қолдану мен дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Бүркітбаева Акима Анарбекқызы мен Аңламасова Айгүл Мейірханқызын, «Мемлекеттік тілдің мәртебесі» атты баяндамасы үшін Дандыбаева Кәмшат, «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» баяндамасы үшін Шошыбаева Жанар, «Жарнамалық көрнекі ақпарат – қала келбеті» баяндамасы үшін Жұмабаева Маржан және «Өзге ұлт оқушыларына мемлекеттік тілді оқыту әдістемесі» тақырыбындағы баяндамасы үшін Найманова Айгүлді Алғыс хатпен және сертификатпен марапаттады.
Жиынды қорытындылаған Нұрмаханбет Сапаров семинар қонақтары мен барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге үлес қоса берулеріне тілектестігін білдірді.
Жаңабай СЕЙДУӘЛИЕВ