ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Сыбайлас жемқорлықтың алдын аламыз

Cаясат
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 2 ақпандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының Тұжырымдамасын бекітті.
Аталған тұжырымдамада ағымдағы жағдайға талдау жасалып, алдағы жылдарда шешілетін міндеттер айқындалған. Тұжырымдама зардаптармен күрестен сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі түрде жоюға, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге, тұтастай алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат сыбайлас жемқорлық экономикалық және беделі жағынан тиімсіз болатын жағдайларды жасауға бағытталған.
Осы орайда, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шаралары аясында Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 2024 жылға арналған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша іс-шаралар жоспары бекітіліп, тұрақты түрде жұмыстар атқарылуда.
Атап айтқанда, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ағымдағы жылдың 1 тоқсанына 184 кіріс құжат тіркеліп, 136 құжат шығыс болған. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 1102 өтініш тіркеліп, барлығы белгіленген мерзімде орындалды.
Бөлімде жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерді қарау барысында Қазақстан Республикасының "Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» талабын сақтау қатаң бақылауға алынған. Бүгінгі таңға бөлімге жеке және заңды тұлғалардан жалпы саны 17 өтініш түсіп, барлығының жауаптары мерізімінде берілді.
Бөлімде тауарларды немесе қызметтерді сатып алулар бойынша ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңын қатаң сақтай отырып жүргізіледі. Бөлімде 2024 жылдың осы кезеңіне 13 мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде сыбайлас жемқорлық фактілері орын алған жоқ.
Жалпы бөлімге бюджеттен қаралған қаржылар жөніндегі ақпараттар «Ашық бюджеттер интерактивті картасына» енгізілген.
Жалпы бөлім қызметкерлерімен жұмыс барысында жиі орын алатын кемшіліктер туындаған жағдайда, ұжым болып оны бөлім басшысының алдында талқылау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отырады. 2024 жылдың 1 тоқсанына бөлімде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша 3 рет жиналыс өткізіліп, хаттамалық шешімдерге сәйкес бөлім қызметкерлері жұмыстар атқаруда.
2024 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша бөлімнен көрсетілген мемлекеттік қызметтерде, мемлекеттік қызметшілер тарапынан жұмыс барысында сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық фактілері орын алған жоқ.
Жалпы жұмыс барысында мемлекеттік қызметшілердің құқықтық деңгейін жақсарту үшін және де жалпы құқықтық түсіндіру мақсатында жылдық оқыту-тақырыптық жоспары бойынша бөлім қызметкерлері арасында құқықтық оқытулар ай сайын өткізіліп отырады. Жыл басынан бері бөлімде 3 құқықтық оқытулар өткізілді.
Халықтың мемлекетке және оның құрылымдарына сенімін бекіту мақсатында, бөлімнің мамандары қала, ауылдық округтерде тұрғындар арасында еңбек, азаматтардың құқықтары мен міндеттері және әлеуметтік-құқықтық мәселелері бойынша халықпен кездесулер өткізіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады.
Ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында бөлім қызметінің жай-күйі туралы ақпараттар беріледі.
Бөлімнің мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды уақтылы анықтау және жолын кесу үшін мамандардың заңсыз әрекеттеріне жеке және заңды тұлғалардың шағымдары үшін арнайы жәшік орнатылған, сондай-ақ «Сенім» (8/72535/5-93-41) телефоны бар.
Мамандар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары үнемі бақылауға алынған. Қазақстан Республикасының әр азаматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра білсе еліміздің дамуы мұнан да биік дәрежеге көтерілетіні хақ. Жалпы, кез-келген қызметкер өз отбасында, әріптестерінің арасында осы бір қағидаларды ұран қыла білсе, бұл індеттің түбімен жойылатыны анық.
Әрбір қоғам дамуының жақсы жағымен қатар көлеңкелі тұсы да қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-ахуалының жақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту — әрқайсымыздың азаматтық борышымыз болып табылады.

Ж.Тұрлыбеков —
Шардара аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің басшысы
Made on
Tilda