ШАРТАРАП ШАРАЙНА

ДЕМОКРАТИЯ МЕН АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫ НАСИХАТТАУ КҮНІ

Cаясат
Дүниежүзілік сайлау күні әлемде сайлау процесінің маңыздылығын, азаматтық құқықтарды қорғауды және демократиялық процестердің үздіксіз дамуын насихаттау мақсатында белгіленген. Дүниежүзілік сайлау күні алғашқы рет 2005 жылы Будапештте өткен сайлауды ұйымдастырушылардың жалпы Конференциясында Еуропа елдерінің сайлауын ұйымдастырушылар қауымдастығының бастамасы бойынша, халықаралық дең-гейде демократиялық процестерді қолдау және сайлаушылардың құқықтарын қорғау мақсатында жарияланған болатын.
Бұл күннің маңыздылығы, дүниежүзілік сайлау күні азаматтардың өз дауысын беру құқығын қорғау мен сайлау мәдениетін дамытуға бағытталған іс-шаралар мен оқиғалар ұйымдастыруды көздейді. Бұл күннің басты мақсаты – сайлаушылардың білімін арттыру, дауыс беру рәсімін жеңілдету және таңдаудың әділ әрі ашық болуын қамтамасыз ету.
Сонымен қатар, бұл күн сайлау өткізу барысында кездесетін мәселелерді де талқылауға мүмкіндік береді. Мысалы, сайлау жүйесінің кемшіліктері, азаматтардың сайлауға қатысуын арттыру жолдары, сайлау науқандарында болатын заң бұзушылықтарды болдырмау мәселелері қозғалады. Бұл демократияның маңызды элементі болғандықтан, сайлау процестерін жетілдіру мен толыққанды және әділ сайлау өткізу әлемнің көптеген елдерінде басты назарда.
Дүниежүзілік сайлау күні қалай өткізілетіндігіне келетін болсақ түрлі елдерде бұл күнді атап өту тәсілдері әртүрлі болуы мүмкін. Кейбір мемлекеттерде оқушылар мен жастарға сайлау жүйесі туралы білім беру мақсатында шаралар ұйымдастырылады. Кейбір елдерде қоғамдық пікірталастар мен конференциялар өткізіліп, сайлау құқықтары мен демократиялық институттардың маңыздылығы түсіндіріледі. Әлемнің бірқатар елдерінде осы күнді атап өту үшін саяси партиялар мен ұйымдар арнайы бастамалар көтеріп, халықты сайлауға қатысуға шақырады.
Дүниежүзілік сайлау күні сайлау процесінің демократиялық қоғамдағы рөлін атап өтуге мүмкіндік береді. Демократия азаматтарға өз өкілдерін таңдау мүмкіндігін береді, бұл олардың өз құқықтары мен мүдделерін қорғауда маңызды құрал болып табылады. Сайлау жүйесі тек қана азаматтардың пікірін білдіру тәсілі емес, ол қоғамның дамуына ықпал етіп, саясаткерлердің жауапкершілгін арттырады.
Сондай-ақ, сайлау әділ әрі ашық түрде ұйымдастырылуы тиіс. Барлық азаматтардың тең құқыққа ие болуы және олардың дауысы ешқандай әділетсіздікке ұшырамауы маңызды. Бұл демократиялық процестің негізгі қағидаттарына сай келеді.
Дүниежүзілік сайлау күні – демократияның, сайлау құқығы мен азаматтық жауапкершіліктің маңыздылығын сезінуге арналған маңызды күн. Ол әлемдегі барлық елдерде сайлауға қатысты мәселелерді талқылап, сайлау жүйесінің әлдеқайда тиімді әрі әділ болуына үлес қосуға мүмкіндік береді.
Кошалиев Серик Сарсенбекович
аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы
Made on
Tilda