ШАРТАРАП ШАРАЙНА

О. Жиеналиев – басқарма басшылығына тағайындалды

Cаясат Әлеумет
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 1-тармағына, 30-бабының 1-тармағына, 61-бабының 1-тармағының 2 тармақшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы Н.Нышановтың 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №991 Ж/Қ бұйрығымен Оралбек Абдикаликович Жиеналиев Түркістан облысының санитариялық бақылау департаментінің Шардара аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Оралбек Жиеналиев Шардара ауданының тумасы. Қарағанды Мемлекеттік Медицина академиясын дәрігер гигиенист-эпидемиолог мамандығы бойынша бітірген. Шардара, Ордабасы, Мақтаарал аудандары мен Түркістан қаласында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында бас ма-ман, бөлім басшысы, басшы қызметтерін атқарған.
Соңғы жұмысы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті инфек-циялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бөлім басшысы қызметін атқарған.
Жерлесіміз Оралбек Абдикаликұлының жаңа қызметінде мол жетістіктер тілейміз.

«Шартарап-Шарайна» газетінің ұжымы
Made on
Tilda