Кеше қаладағы «Kausar Hall» мейрамханасында «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» ЖҚ Түркістан облыстық филиалы мен «AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалының ұйымдастыруымен жастар арасында «AMANAT AQYLMAN» атты интеллектуалды ойынының аудандық іріктеу кезеңі өтті.
Интеллектуалды ойынының мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «AMANAT» партиясы жастар қанатының кезектен тыс VI съезіндегі бейне үндеуінде жастардың бойында болуы қажет үш қасиет ретінде терең білім, еңбекқорлық, отансүйгіштікті атаған болатын. Жастардың бойында осы қасиеттерді дамытып, ораторлық мәдениетті, толеранттық тәртіппен азаматтық танымды дамыта отырып, қоғамдағы маңызды мәселелер аясында жастардың өз көзқарастары арқылы шешім қабылдап, құқықтық сауаттылықты жан-жақты мониторингтік зерттеулер жүргізе отырып интеллектуалды ойын арқылы толығырақ насихаттау болып табылады.
Сонымен қатар азаматтық жауапкершілігі зор, интеллектісі жоғары, рухани жан-дүниесі бай, эстетикалық талғамы дамыған және әлеуметтік бейімделген ұтқыр тұлғаны қалыптастыру мен дамыту, қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен тарихын зерттеу арқылы жастар арасында кеңінен насихаттап, Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мен қоғамдық белсенділіктерін дамытуға үлес қосуларына мүмкіндік жасау.
Ойынның ерекшелігі, қазақ тілінде өткізілуі мен оған медицина, білім, бастауыш партия ұйымдары, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ, мәдениет, спорт саласының қызметкерлері мен қоғам белсенділері және ерікті жастардың қатысуы.
Келесі кезекте ойынды жүргізушілер интеллектуалды ойынның ережелерімен таныстырды. Қатысушы топтарға ойынның төрт кезеңнен тұратындығы, онда облыс, қала тарихы, өнер саласы, жалпылама интеллектуалды логикалық, сонымен қатар партиялық жобалар мен мемлекеттік басқаруға қатысты сұрақтар болатынын, сұрақтар ЛЕД экраннан көрсетілетіндігін, әр кезеңдегі сұрақтарға жауап беру үшін 30 секунд пен бір минут арасында уақыт берілетіндігін түсіндірді.
Интеллектуалды ойынға қатысатын командалардың бес мүшесі де бірдей үлгіде киімде болуы, қарсылас командаға құрмет көрсетуі, ойын барысында электронды гаджеттерді, яғни смартфон, планшет, смартсағаттар қолдануға болмайтындығы жөнінде де ескертулер жасалды. Интеллектуалды ойынға «Ibilim High School» жекеменшік мектебінің «Ibilim», аудандық орталық аурухананың «Гиппократ», Жаушықұм ауылдық округінің «Жаушықұм», М.Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп-интернатының «Дарын», аудандық ақпарат құралдары өкілдерінің «Журналист», Қ.Тұрысбеков ауылдық округінің «Сұңқар» және Қоссейіт ауылдық округінің «Өрлеу» командалары қатысты.
Сайыстың ашылу салтанатында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Жұман Жансерік Бауыржанұлы, Шардара аудандық мәслихатының төрағасы Мүтәлиев Бұлтбай Лесбекұлы, «AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалының төрағасы Бекет Ережеп Құдайбергенұлы құттықтау сөз сөйлеп, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Ойынның бірінші кезеңінде топтарға аудан тарихы аясында «Шардара ауданы қай жылы құрылды?», «Шардара ауданының тұңғыш бірінші хатшысы кім?», «Аудан орталығы қай жылы Шардараға қоныс аударды?», «Аудан орталығы Шардара қай жылы қала статусын алды?», «Шардара су қоймасының сиымдылығы қанша текше метр?» деген сияқты он сұрақ берілсе, екінші кезеңде мәдениет және өнер саласы бойынша да «Қазақтың алғашқы жігіт сұлтанын атаңыз?», «Қыз Жібек фильмі қай жылы жарыққа шықты?», «Қазақтың барысы» турнирінде 2 рет жүлдегер атанған ауданымыздың чемпионы кім?» деген секілді он сұрақ қойылды. Үшінші кезеңде жалпылама логикалық тұрғыда дайындалған сұрақтар қойылса, төртінші кезеңде партиялық жобалар мен мемлекеттік басқаруға байланысты әзірленген сұрақтар бойынша «AMANAT» партиясының қай жылы құрылғаны, соңғы рет қай партия келіп қосылғаны, бағдарламалары туралы дәл жауаптар берілді.
Интеллектуалды ойында «AMANAT» партиясы «Қызылжар» бастауыш партия ұйымының төрағасы, аудандық «Өскен өңір» газетінің редакторы Лаханов Сәбит Қоспанұлы, Шардара аудандық тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Смайлов Нұрлан Қалиұлы, «AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалының консультанты Сейдалиева Сәуле Құралбекқызы қазылық жасап, жүлдегерлерді анықтады. Өзара тең түскен «Жаушықұм» мен «Журналистер» тобына қосымша сұрақ – «Қандай ыдыстан тамақ ішуге болмайды?» деген сұраққа «Жаушықұм» командасының жауабы дұрыс болмай, «Бос ыдыстан» деп дұрыс жауап берген «Журналистер» командасына бір ұпай қосылды.
Интеллектуалды ойынының қорытындысы бойынша азаматтық жауапкершілігі зор, интеллектісі жоғары, рухани жан-дүниесі бай, эстетикалық талғамы дамыған және әлеуметтік бейімделген ұтқыр тұлғаны қалыптастыру мен дамыту, партия идеологиясын жүзеге асыру, партиялық кадрлық резервті жасақтау, жақтастар мен спикерлер пулын қалыптастыру, қоғамның өзекті мәселелері, оның ішінде аудан халқы үшін маңызды санаттарды шешу жолдарын қалыптастыру мақсатындағы «АMANAT AQYLMAN» интеллектуалды ойынының аудандық деңгейінде жүлделі бірінші орынды иеленген «Ibilim» командасына кубок пен сертификатты «AMANAT» партиясы Түркістан облыстың «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Жұман Жансерік Бауыржанұлы, екінші орын алған «Журналистер» командасына Шардара аудандық мәслихатының төрағасы Мүтәлиев Бұлтбай Лесбекұлы, ал үшінші орын алған «Жаушықұм» командасына «AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалының төрағасы Бекет Ережеп Құдайбергенұлы табыстады.
Ал «Гиппограт», «Дарын», «Сұңқар» және «Өрлеу» командаларына «AMANAT AQYLMAN» интеллектуалды ойынына белсене қатысқандары үшін «AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы төрағасының марапаттары мен Алғыс хаттарын қазылар алқасының мүшелері табыс етті.
«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалының ұйымдастыруымен жастардың білімі мен біліктілігін, белсенділіктерін арттыратын мұндай ойындар алдағы кезде де өткізіліп тұрмақ.
Ж.СЕЙДУӘЛИЕВ