ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Жер қатынастары бөліміне жаңа басшы тағайындалды

Cаясат
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының І-тармағына, 30 бабының І-тармағына сәйкес Нурманов Кайсар Мырзабаевич Шардара ауданы әкімі Арман Қарсыбаевтың №1-48 өкімімен 2024 жылғы 13 мамырынан бастап Шардара аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Нурманов Кайсар Мырзабаевич 1988 жылы 27 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара қаласында туылған. Ол Шардара жалпы орта мектебінде білім алған. 2005 жылы Шымкент қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-түрік университетінің «Экономика» факультетіне оқуға түсіп, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын алған. 2009 жылдан осы уақытқа дейін Шардара ауданы әкімі аппаратында инспектор, ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінде бас маман және бас инспектор қызметтерін атқарған.
«Шартарап–Шарайна»-ақпарат
Made on
Tilda