Алдағы 6 қазанда өткізілетін Референдумның маңыздылығын халыққа түсіндіріп, насихаттау бойынша ауданымызға арнайы іс-сапармен келген Қазақстан Республикасы сенатының депутаты Мұрат Қадірбек АЭС салуды қолдау жөніндегі Түркістан облыстық халықтың штаб мүшелері Зухра Қамбарова мен Сейітмұрат Сайманов, аудандық халықтық штабтың төрағасы Ережеп Бекет пен мүшесі Бұлтбай Мүтәлиевтермен бірге аудан ардагерлерімен, Шардара су электр станциясының қызметкерлерімен және Шардара мектеп-лицейінің ұжымымен кездесті.
АЭС туралы толық түсінік беріліп, елімізде электр энергиясына деген тәуелділіктің жылына 3 пайызға артып бара жатқандығы, көмір қышқыл газы ауаға тарайтындықтан 2060 жылдарға қарай жылу электр станцияларына шектеу қойылатындығы, жел, күннен электр энергиясын өндіру табиғатқа тәуелді екендігі айтылды, сонымен қатар көптеген елдерде қазіргі таңда салынып жатқан АЭС-тер, елімізде кімдер, қайда салады деген сұрақтарға жауап берілді.
АЭС – энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ететіндігі, жыл сайын 100 миллиард теңгені үнемдеуге мүмкіндік беретіндігі, ел бюджетіне түсетін салық көлемі 3 миллиард доллар болып, электр энергиясының бағасын қолжетімді ететіндігі, сонымен қатар 10 000 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретіндігі айтылды. Қазіргі таңда 15 елде 62 жаңа реактор салынуда екен.
Кездесуде АЭС туралы мол мағлұмат алған қатысушылар Референдумға қатысып, өз таңдауларын жасайтындықтары жөнінде айтып, өзгелерді де референдумға қатысуға шақырды.
Ж.ЖІГЕРҰЛЫ