ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Қоғамдық кеңеске есеп берді

Cаясат
Шардара аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтіп, оған Қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық ауыл шаруашылығы, орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі, аудандық ветеринария бөлімінің басшылары қатысты.
Аудандық Қоғамдық Кеңес төрағасы Мұрат Нұрпейісов төрағалық еткен жиынның күн тәртібіне орай «2024 жылға арналған егін және мал шаруашылығына арналған мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы және алда атқарылатын жұмыстары бойынша» аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Т.Әлімқұл, екінші мәселе «Орман қоры жерлеріндегі жайылымдарды тиімді пайдалану, қорғау бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы» мекеме басшысы Д.Сартбаев және соңғы мәселе «Ветеринариялық іс-шаралардың орындалуы бойынша» бөлімі басшысы Б.Мыңбатыровтардың есепті баяндамалары тыңдалды.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына Қоғамдық кеңес мүшелері сұрақтар қойып, тиісінше жауаптарын алды. Туындаған проблемалық мәселелердің шешу тетіктерін пысықтау кезекті отырыстың қарауына қалдырылды.
– Біздің жұмыстың басты бағыттарының бірі – халықпен және азаматтық қоғаммен тығыз байланыс орнату. Осы орайда Қоғамдық кеңестің атқаратын рөлі үлкен маңызға ие болып отыр. Өйткені мемлекеттік органдардың ашықтығына қол жеткізілуде. Кеңес жұмысы билік пен қоғам арасындағы байланысқа арқау болуда. Б.Момышұлының «Жұртым» деп — жұмылып, «Елім» деп — езіліп қызмет ет» дегеніндей алдағы уақытта да Шардара ауданы қоғамдық кеңесі мүшелері ел игілігі мен өркендеуі үшін қызмет ететіндігін нық сеніммен айта аламын, – деді М.Нұрпейісов.
Аудандық Қоғамдық кеңес алдағы кезде де аудандағы мекеме, бөлім басшыларының есептерін тыңдап, оларға кейбір түйткілді мәселелерін шешуде көмек көрсете беретін болады.
Бота Болатова
Made on
Tilda