ШАРТАРАП ШАРАЙНА

СЕССИЯДА КЕЛЕЛІ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ

Cаясат
Сегізінші шақырылымдағы Шардара аудандық мәслихатының кезекті жиырма төртінші сессиясы болып өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі Арман Қарсыбаев, аудан әкімдігінің жауапты мамандары мен мекеме, құқық қорғау органдарының басшылары, қала, ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік қазыналық бөлім басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Аудандық мәслихаттың төрағасы Бұлтбай Мүтәлиев сессияға шақырылғандардың түгел қатысып отырған-дығын хабарлағаннан кейін «Қазақстан республика-сындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабы 2 тармағына сәйкес депутаттар сессияның ашылуы жөнінде дауыс берді.
Сессияның күн тәртібімен аудандық мәслихат төр-ағасы Бұлтбай Мүтәлиев таныстырып өткеннен кейін «Аудан әкімдігінің және облыстық тексеру комиссия-сының 2023 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есебі» және «Қала, ауылдық округ әкімдерінің және облыстық тексеру комиссиясының 2023 жылға арналған қала, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы жөніндегі есебі» бойынша аудандық эконо-мика және қаржы бөлімінің басшысы Бауыржан Жетпісбаев хабарлама жасап, аудан, қала, ауыл округтері бюджеттерінің кірісі мен шығысы бойынша толық ақпарат берді. Өткен жылы желтоқсан айында аудандық білім бөлімінің екі салық түрін төлемегенін, көлік салығы орындалмағанын атап өтіп, шығыс-тар бойынша газ, кәріз жүйелері, жол, жарықтандыру бойынша жұмсалған қаржыларды нақтылап атап өтіп, барлық атқа-рылған жұмыстарға облыстық тексеру комиссиясы оң шешім қабылдағанын айтты.
Депутатттар сессияда Достық ауылдық округінің әкімі Ерлан Ақжігітовтың, Ақшеңгелді ауылдық округінің әкімі Ордабай Саховтың, Ұзын ата ауылдық округінің әкімі Ғани Есімхановтың өздеріне жүктелген қызметтер мен міндеттердің іске асырылуы туралы есептерін тыңдады.
Депутаттар Достық ауылындағы көгалдандырылған ай-мақты қоршау, Егізқұм ауылындағы ауыз суды тазартып беретін «Омеганың» фильтрін ауыстыру, ауылдардағы қоқыс тастайтын полигондарды ретке келтіріп, қой шомылдыратын алаңдардың жұмысын бақылау қажеттігін атап өтті. О.Сахов-тың Егізқұм ауылына Мәдениет үйін салу бойынша өтінішін депутаттар қажетсіз деп тапты.
Атқарған жұмыстарына есеп берген аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомо-биль жолдары бөлімінің басшысы Бауыржан Билаловке де депутаттар тарапынан елді мекендердегі тозығы жеткен электр бағаналарын ауыстыру, ауыз су, қаладағы көп қабатты үйлерге газ желісін тарту, көшелерді жөндеу бойынша сұрақтарын қойып, тиісінше жауаптарын алды.
Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Б.Жетпісбаевтың Шардара аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №15-67- VIII «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы өтініші депутаттар тарапынан қолдау тапты.
Сол сияқты сессияда аудан әкімдігінің құрамына енгізілген өзгерістерге келісім берілген шешім қабылданып, Шардара аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 маусымдағы №27-158-III «Аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия құра-мын бекіту туралы», Шардара аудандық мәслихатының 2019 жылғы 6 наурыздағы №38-250-VI «Шардара ауданының жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешімдеріне өзгеріс-тер енгізу туралы шешімдер қабылданды.
Сессия соңында сөз алған аудан әкімі Арман Романұлы ау-дан халқы үшін маңызды шешімдер қабылдаған аудандық мәслихат депуттарына деген ризашылығын білдіріп, бұдан кейінгі жұмыстарына да жетістіктер тіледі.
Ж.ЖІГЕРҰЛЫ
Made on
Tilda