ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Көксу ауылдық округі әкімі лауазымына үміткер. Бектөре Нұрлан Бектөреұлы. Өмірбаян

Cаясат
Бектөре Нұрлан Бектөреұлы 08.12.1993 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданындағы Ұзын-ата ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары.
2011-2015 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Су ресурстары және суды қолдану» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолы: 13.06.2016-01.09.2016 жылдары «Шардара коммуналсервис» МКК-нің Су тазарту бөлімінде шебердің көмекшісі, 19.01.2018-28.05.2020 жылдар аралығында Ұзын-ата ауылдық округі әкімі аппаратында әдіскер қызметтерін атқарған. 29.05.2020 жылдан бүгінгі күнге дейін Ұзын-ата ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман қызметін атқарып келеді.
Көксу ауылдық округі әкімі лауазымына кандидат
Бектөре Нұрлан Бектөреұлының
Сайлауалды бағдарламасы
Құрметті Көксу ауылының сайлаушылары!
Көксу ауылдық округінде шешімін күткен мәселелер жетіп артылады. Өлкеміздің қай жерінде де тұрғындар өздерін толғандырып жүрген ірілі-ұсақты барлық мәселелерін алдымен өздері сайлаған әкімдерге айтып жатады. Өйткені, әкім - халық сенімін иемденген тұлға, аманат жүгін арқалаған азамат.
Бүгінгі күрделі кезеңде осындай зор сенім мен жауапкершіліктің үдесінен табылу кім-кімге де сын болатынын жақсы сезінемін.
Мен сайлаушылардың сенімін иемденіп, әкім деген мәртебелі мандатқа қол жеткізсем, Көксу ауылдық округінде мынандай өзекті мәселелердің оң шешімдерін табуға жұмыс жасайтын боламын:
1. Президеттің қолдауын Үкімет қабылдаған мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына және оның сапалы орындалуына ықпал ету.
2. Ауыл тұрғындарына жайлы орта қалыптастыру мақсатында абаттандыру, (аяқ жол, ойын алаңшалары) жарықтандыру мәселесін басты назарда ұстап, көшелерді жөндеу, көгелдандыру, көріктендіру бағытында жұмыстар жүргізу.
3. Кәсіпкерлік саласында мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына ықпал ете отырып, жұмыссыздық мәселесін шешуге ықпал жасау.
4. Тұрмысы төмен, әлеуметтік жағынан қорғалуға мұқтаж азаматтарға көмек көрсету мақсатында қайырылымдылық акцияларын өткізуге ықпал ету.
5. Ауыл тұрғындарын сапалы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін қолға алып, ол бойынша тиісті шаралар қабылдау.
6. Ауыл ішіндегі ирригациялық жүйелерді қалпына келтіруге жұмыстар жүргізіп, елдімекен ішін ағын сумен қамту мәселесін шешуге ықпал жасау.
Қымбатты жерлестер!
Сіздер өз таңдауларыңызды дұрыс жасайды деп үміттенемін!
Болашақ ауылымызды бірге көркейтейік
Made on
Tilda