ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Қабылданған заңдар халыққа қызмет етеді

Cаясат
Кездесуге қатысып отырғандарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаған халық қалаулысы Парламентке 106 заң жобасы түсіп, оның 37-сі қабылданғандығын атап өтті. Атап айтқанда, «Ұлттық қор балаларға» жобасы бойынша заң қабылданып 18 жасқа дейінгі балаларға қаражат бөлінсе, «Зорлық-зомбылық» заңы бойынша әйелдер мен балаларға жасалған қылмыстарға жауапкершілік қатаңдатылған. «Бюджет кодексі» бойынша қабылданған өзгертулер мен толықтыруларда аудан мен ауылда салықтан түскен қаражаттар аудан бюджетінде қалдырылатын болды. Есірткі жөнінде де заң қайта қаралып, білместікпен жасалған қылмыс сараланып жазасы жеңілдетіліп, негізгі есірткіні өндірушілерге жаза қатаңдатылып 25 жылға, тіпті кейбіреуіне өмірлік жаза белгіленетін болғандығын атап өтті.
–Сіздерге айтар қуанышты жаңалығым, қанша жылдан бері «Тама-Тастанбек» су қорынан қалаға ауыз су жеткізу жұмысы биыл басталатын болды. Биылғы құрылыс жұмыстарына 4,0 миллиард теңге бөлінді, – деген Қайрат Рахымұлы қабылданған заңның барлығы халыққа қызмет ететіндігін айтты.
Кездесуде аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қыстау Ілесов ардагерлер туралы заңды қайта қарау керектігі, себебі 40 жыл еңбек өтілімен ардагер атанғандар санаулы-ақ адам ғана екендігін, ал аудандық ардагерлер кеңесіне мүше адамдар зейнеткерлер, оның да атын аудандық ардагерлер мен зейнет-керлер кеңесі десе дұрыс шығар деді. Сонымен қатар көп жерде тіпті мемлекеттік деңгейде де латын харпімен жазылған сөздерді атап өтіп, қабылданбаған латын харпімен жазу дұрыс емес деген пікірін білдірді.
Сол сияқты Ержан Дәуренбеков, Бейсен Жора, аудандық мәслихаттың депутаты Бекмағамбет Кеншім мақта бағасы, ағын судың көрші Жетісай, Мақтаарал ауданына қарағанда екі есе қымбаттығы жөнінде айтты.
Қойылған сұрақтарға жауап берген аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Каратунов пен аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Өмірбек Рүстемов «Казкрахмал» жүгеріні терең өңдеу зауыты, күріш зауыты, Алатау батыр ауылдық округіндегі «Шебер» кә-сіпорындарының жұмыстары жөнінде айтып өтті.
Сонымен қатар алдағы уақытта Жаушықұм массивінде 127 гектар жерге жылыжай салынатындығын айтты.
Қайрат Рахымұлы заңдарға өзгеріс енгізу болсын, болмаса «Ауыл аманаты» жобасы бойынша салынатын спорт кешені мен мәдениет үйлеріне құжаттары дайын, республикалық деңгейде шешілетін қандай мәселе болса да атсалысатындығын жеткізді.
Кездесуді қорытындылаған Бекет Ережеп Құдайбергенұлы халық қалаулысының алдағы жұмыстарында жетістіктер тілеп, аудан халқы атынан ризашылығын білдірді.
Кездесу халық қалаулыларының биліктегілермен емес, халықпен, өз сайлаушыларымен жұмыс жасайтындықтарының бір көрінісі болды.

Жаңабай ӘЛІҚҰЛҰЛЫ
Made on
Tilda