ШАРТАРАП ШАРАЙНА

АҒЫН СУ ҚҰНЫН СУБСИДИЯЛАУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Әлеумет
Шардара ауданы, Ұзыната ауылында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Н.Тұрашбековтың тапсырмасына сәйкес, аудандағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін қолдау мақсатында ағын су құнын субсидиялау, су үнемдеу технологиясын ендіру, шаруалардың тікелей «Қазсу-шар» РМК мекемесімен келісімшартқа отыру және тағы да басқа мәселелерді түсіндіріп, талқылау тұрғысында мәжіліс өтті.
Жиынға Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Е.Е.Құралбеков, «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының бас инженері С.А.Тойтанов, Түркістан облысының ауыл шар-уашылығы басқармасының бөлім басшысы Н.М. Мамет, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Т.Әлімқұл, сонымен қатар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің жауапты қызметкерлері, «Қазсушар» РМК ТФ Шардара өндірістік бөлімшесі өкілдері, ауыл округтері әкімдіктерінің салаға жауапты мамандары, ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі төрағалары мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Н.М. Мамет ағынсу құнын субсидиялау, су үнемдеу технологиясын ендіру және басқа да мәселелер бойынша қысқаша хабарлама жасады. Ол өз сөзінде дәстүрлі ағынсу құнының 40 пайызы, су үнемдеу технологиясы енгізілсе 85 пайыз көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетілетінін және арнайы жеңілдіктер жайлы айтып өтті. Аталған хабарламаға қатысты Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Е.Е.Құралбеков ағын суға байланысты мемлекеттік қолдаулар, шаруалардың тікелей «Қазсу-шар» РМК мекемесімен келісім-шартқа отыру бойынша айтып, шаруалардың ұсыныстарын тыңдап, ортаға салды. Балық шаруашылығы дамытуға ағын су тарифінің өзге де шығындар есебінен 9 теңгеге қымбат болуы, су үнемдеу технологиясын ендіруге субсидия мәселесі, жекеменшік 8 канал бойында орналасқан шаруалардың «Қазсушар» РМК мекемесімен келісім-шартқа отыру мәселесі, қосымша штат бөлу мәселесі, коммуналдық меншіктегі каналдарды республикалық меншікке өткізуді тездетуді қолға алу бойынша шаруалардың ұсыныстары мен сұрақтарына облыстық басқарма және «Қазсушар» РМК басшылығы тарапынан жауап беріліп, толғандырған мәселелер талқыланды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
Made on
Tilda