Сыбайлас жемқорлық — бүгінгі таңда көптеген елдерде кеңінен бел алып қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндірген қылмыстың бірі. Оның кез келген көріністері қоғамның барлық саласына өзінің келеңсіз әсерін тигізеді. Ал осы көріністерді туындатқан салдарлар мемлекеттік үдерістің қарыш-ты дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, сондай-ақ, мем-лекет билігінің беделіне нұқсан келтіреді. Құқықтық демократиялық мемлекет құрудың принциптерін бұзып, ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне нақты қауіп туғызады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Сыбайлас жемқорлықтың себебі мен шарттарын жоймай онымен күресу, бұл – жел диірменмен алысу. Халық әлдебір шенеуніктің немесе басшының жай жауапкершілікке тартылғанын көріп қана қоймай, ол жұмыс істеген мемлекеттік мекемеде енді мұндай жағдайдың қайталанбайтынын дәлелдейтін түбегейлі өзгеріс-тердің орын алғанына куә болуы керек» деп сыбайлас жемқорлыққа жол беруге болмайтынын атап көрсетті. Адалдық дәстүрін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру қажет. Мұны Шардара жұртшылығы жақсы түсінеді. Ең бірінші кезекте, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын жүзеге асыру бағытында сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жою, оны туындататын себептер мен жағдайларды болдырмау және деңгейін төмендетуге көмекте-сетін іс-шаралар кешені жасақталды.
Шардара ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстары бүгінгі күнге дейін «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» аясында жүзеге асырылып келді. Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған Тұжырымдамасына сәйкес жыл сайын Жобалық басқарудың үлгілік базалық бағытының «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы іс-қимыл» төртінші блогы бойынша жобалар картасы және әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпо-зицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-ша-ралар жоспары бүгінгі таңда осы құжат негізінде жүзеге асырылуда.
Басты мақсат – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және мейлінше алдын алу.
Мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі мемлекет беделіне нұқсан келтіретін зұлымдықпен ымыра-сыз күресу болып табылады. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, бұл дерттің одан әрі асқынбауы үшін оған бөгет болудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана тиімді түрде түбегейлі қарсы тұруға болады.
«Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» демекші, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен пәрменді күресу жолында, сөз жоқ, тұрғындар арасында ақпараттық-құқықтық түсіндіру, жалпы құқықтық сауаттылықты арттыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу маңызды рөл атқарады. Әрбір азамат өзінің құқықтарын меңгеріп қана қоймай, өзіне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда нақты не істеу керектігін толық білуі қажет. Бұл орайда белгілі бір нәтижеге қол жеткізуде ағарту-шылық, білім беру, тәрбие жұмыстарымен бірге, жаңа орта қалыптастыру да өз үлесін қоса алады.
Әсіресе жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыздық көзқарасты қалыптастыру бойынша кешенді іс-шаралар жоспары жүзеге асып жатыр.
Шардара ауданында жалпы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс сомасының кемінде бес пайызын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне бөлу мәселесі жыл сайын оң шешімін тауып отыр.
Аудандағы іс-шаралар «Аmanat» партиясы Шардара аудандық филиалы, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғам белсенділерімен бірлесіп атқа-рылуда.
Шардара ауданы әкімдігіне бағынысты мемлекеттік органдарда және оларға қарасты мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 2024 жылы барлығы 19 ішкі талдау жүргізіліп, 5 тәуекел бойынша ұсыныстар берілді.
Аудан әкімдігі жанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аудандық комиссиясы жұмыс жасайды. Ағымдағы жылдың өзінде 2 отырысы өткізіліп, тиісті 25 хаттамалық тапсырмалар берілді. Тұрақты 15, орындалғаны 10.
Қазіргі таңда еліміздің басты мәселелерінің бірі сыбайлас жемқорлық, бұл індетпен күресте құқықтық сауаттылықты арттыру мейлінше оң әсерін тигізеді. Өйткені жағдайдан хабардар, сауатты адам өз құқығын ешкімге таптатпайды. Әрі заң үстемдігін сыйлайтын, қолданыстағы заңнама баптарымен етене таныс тұрғындар өз мәселесін, әуелгі кезекте құқықтық шеңберде шешуге мүдделі болады. Мұндайда азаматтар жең ұшынан жалғасудан саналы түрде бас тартып, аранын ашқан жемқорлықты айналып өтуге тырысады.
Сондықтан азаматтардың құқықтық сауатын көтеру үшін заң баптарын түсіндіру мақсатында жұмыс ретін көрсету бойынша үнемі жиын, бас-қосулар өткізіп, бұқаралық ақ-парат құралдарында танымдық материалдарды үздіксіз жариялап тұру назардан тыс қалмауы керек.
Соның ішінде, мемлекеттік қызметшілер арасында мемле-кеттік қызмет саласындағы жә-не сыбайлас жемқорлыққа қар-сы іс-қимыл туралы Заңы мен Әдеп кодексі талаптарын бұзу-дың алдын алу бойынша құ-қықтық оқыту, түсіндірме жұмыстары үнемі өткізіліп тұрады.
Аудан бойынша биылғы жылдың 8 айында 8 мемлекеттік қызметкер сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып-тар бойынша біліктілік арттыру оқуларынан өтті.
Жемқорлық факторларды азайтып, сыбайластық қатерлерді болдырмауда жұмыстың ашықтығы ерекше маңызды. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін іске асыру және қорғау мақсатында лауазымды тұлғалар (әкім, оның орынбасары, бөлім, мекеме басшылары) азаматтарға жеке қабылдау жүргізеді. Қабылдау кестесі бұқаралық ақпарат құралдарында және ауданның ресми интернет-ресурсында алдын ала жарияланады.
Бюджет қаражатының жұмсалуына қоғамдық бақылау жасау мақсатында «Ашық бюджет» порталында ауданның жергілікті атқарушы органдарының бюджеті туралы ақпарат толық көлемде тұрақты түрде жарық көреді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бағытындағы шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында үнемі жариялана-ды.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп халық даналығы айтқандай, біз – мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік сая-сатты жақтап, оның орын-далуына басты себепкерміз. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу – мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы. Осы кеселге қатаң бағытталған мемлекеттік бағдарлама жоғары деңгейдегі жауаптылықпен іске асырылуы тиіс.
А.ҚАРСЫБАЕВ –
Шардара ауданының әкімі