Қазіргі заманда электр қуаты біздің күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналғаны рас. Жарық пен энергиясыз бір сәт те өмір сүре алмайтынымыз тағы рас. Көше жарық, үйлерімізде жарық жанады, өндіріс орындары үздіксіз жұмыс істейді, түрлі құрылғылар мен техникалар істеп тұр. Электр қуаты әлемнің әр түкпіріндегі адамдардың өмірін жеңілдетіп, ыңғайлы етіп отырған қуатты құрал.
Алайда бұл қуаттың үздіксіз әрі қауіпсіз түрде жұмыс істеуі үшін жауапты мамандар бар. Солардың бірі — электромонтерлер. Электромонтерлер күн сайын түрлі электр жабдықтары мен желілерін орнатып, жөндеп, бақылап, олардың қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз етеді. Бұл мамандықтың қиындықтары мен жауапкершілігі орасан.
Осындай жауапкершілігі жоғары мамандықты игерген Қайнар Қалдыбайұлының еңбек жолы көпке үлгі боларлық. Ол «Оңтүстік Жарық-Транзит» жедел шұғыл реттеу бөлімінде 30 жылға жуық уақыт еңбек еткен тәжірибелі электромонтер. Ол қарапайым электриктен бастап, күрделі техникалық мәселелердің шешімін табатын шебер маманға дейін өскен тұлға. Оның еңбек жолы – төзімділік пен табандылықтың жарқын үлгісі.
Мектепті бітірген соң, Қайнар аға алғашқы еңбек жолын Шардара қаласындағы «Құрылыс материалдары комбинатында» электромонтер болып бастады. Маманның білімге деген құштарлығы оны Шымкенттегі «Оқыту комбинатына» жетелеп, 1000 вольтқа дейін жұмыс істеуге рұқсат беретін «ІІ разряд» куәлігін иеленді. Еңбекқор жастың алғашқы қадамының өзі болашақта кәсіби шыңға жететінін көрсетті. Бір жылдық тәжірибеден кейін ол Отан алдындағы борышын өтеу үшін әскер қатарына қызметке алынды.
Әскерден оралған Қайнар Қалдыбайұлы Шардара қаласындағы «Оңтүстік Жарық-Транзит» жедел-шұғыл реттеу бөлімінде қызметке шақырылып, сол кезден бастап бүгінге дейін адал еңбегімен танылып келеді. Оның жұмысы — тек электр бағаналарын жөндеу ғана емес, ақауларды жедел анықтап, жүйені қайта қалпына келтіру, электр желілерінің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету. «Энергия – көзге көрінбейтін, бірақ қатерлі күш. Біз қателікке жол бермеуіміз керек, себебі ол адам өміріне тікелей әсер етеді»,- дейді Қайнар аға.
Электрмен жұмыс істеудің қаншалықты қауіпті екенін Қайнар Қалдыбайұлы басынан өткерген оқиғаларды бір сәт еске түсіре отырып, әңгімеледі.
– Тоқырау жылдары екі жігіт электр желісін ұрламақ болып, ажыратылмаған желіге шығып, қайғылы оқиғаға тап болды. Токты ажыратып, арнайы құралдармен олардың бірін бағанадан түсіргенім есімде. Ток ұрған адамға көмектесу үшін алдымен токты ажыратып, арнайы қолғап пен ағаш сабы бар құралдарды қолдану керек, – деп тәжірибесімен бөлісті.
Қайнар аға тек тәжірибелі маман ғана емес, жас буынға бағыт-бағдар беретін ұстаз. Ол әріптестеріне үнемі көмектесіп, білгенімен бөлісуді өз борышы санайды. Оның шеберлігі мен адамгершілігіне әріптестері әрқашан риза.
«Ата-ананың берген тербиесі мен отбасыдағы жылулық – әр адамның өміріндегі ең басты құндылық» деп санайтын Қайнар Қалдыбайұлы жұбайы Раушанова Тамара Қошанқызымен отау құрып, алты қыз бен бір ұл тәрбиелеп,өсіріп отыр.
«Еңбектің наны тәтті» дегендей, оның маңдай терімен жеткен жетістіктері – бүгінгі жастарға үлгі. Ол электр жүйелерінің қауіпсіз әрі тұрақты жұмысын қамтамасыз етумен қатар, қоғамға адал қызмет етудің маңызын көрсетіп келеді.
«Қауіп қайдан келерін білмесең, қатерге басыңды тікпе» деген сөз Қайнар ағаның жұмысында ұстанған негізгі қағидасы. Қайнар ағаның әр күні – қауіп пен жауапкершілікке толы. Бірақ ол өз ісіне деген адалдығы мен кәсіби біліктілігінің арқасында кез келген қиындықты еңсере біледі. Мұндай жандардың еңбегі әрқашан бағалануы тиіс!
Аяжан ТӘЖІ