Ауданымызда биылғы жылға жоспарланған «AMANAT» партиясының бастамасымен «Қарызсыз қоғам» жобасының оқу курсы өз мәресіне жетті.
Тегін оқу курсын «Ұлы дала» қоғамдық бірлестігінің сарапшы экономисті М.Есенбаев жүргізді.
«AMANAT» партиясының бастамасымен, ҚР Үкіметі және жергілікті атқарушы органдардың ұйымдастыруымен қарапайым шаруалар мен ауыл азаматтары аудан жастарына өткен 3-айлық оқу курстарында жеке және отбасылық бюджетті қалыптастыра білудің артықшылықтарын меңгеріп шықты.
Азаматтар тауарлық несиеге үміт артпай қажетті тауарлар мен қызметтерді алу мүмкіндігін саралауды үйренді, тұрғындар несие мен қарыздың тұзағына түспеу жолдарын талдауға дағдыланды.
Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ел азаматтарының шамадан тыс несие алуына алаңдаушылығын білдіріп, азаматтардың шамадан тыс несиеге байлануын қоғамдағы өте өзекті әрі әлеуметтік маңызға ие басты мәселе деп бағалады. Осы міндет шеңберінде «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановтың бастамасымен азаматтардың қаржылық сауаттылығын көтеруді көздейтін «Қарызсыз қоғам» жобасы іске қосылды.
Жобаның тиімділігі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айрықша атап көрсетіліп, оның ауқымын кеңейтіп, жалпыхалықтық деңгейге шығару тапсырылған болатын.
Осының негізінде Шардара аудандық әкімдіктің мәжіліс залында оқу курсы өткен қала, ауыл округ әкімдерінің қатысуымен қорытынды жиын өткізілді.
«AMANAT» партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында өңірімізде 2023 жылы 14600-ден астам азамат қаржылық сауаттылықты көтеру курстарынан өтіп, өңіріміз республикада алдыңғы қатардан көрінген болса, биылғы жылдың 4 айында осы курстарда төрт мыңнан астам азамат білім алды.
«Биыл еліміздің барлық өңірінде «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 200 мың адам оқу курстарынан өтетін болады. Мектеп, колледж және жоғары оқу орындарына арналған оқу құралдары әзірленбек. Бұл қадам 100 мыңға жуық студенттердің, 450 мыңға жуық жоғары сынып оқушыларының қаржылық білім-білігін арттыруға мүмкіндік бермек. Осылайша, жобаға 750 мыңға жуық адамды тарту көзделген. Жобаны жүзеге асыруға 9 коммерциялық банк пен 11 мемлекеттік орган бірлесе қатысып отыр. Оның ішінде «Халық банк» акционерлік қоғамының жобаға қосқан үлесі орасан» деп атап өтті Ерлан Қошанов.
– Осы жоба негізінде тегін оқу курсын ұйымдыруға атсалысқан аудан әкімдігіне қарасты аудандық Қаржы және экономика бөліміне, қала, ауыл әкімдеріне, аудандық «Жастар орталығы» ММ, жаупты мамандарға аудан аумағында оқу курсты жоғары деңгейде атсалысып, ұйымдастырғандары үшін «AMANAT» партиясы аудандық филиалы атынан алғысымды білдіремін, – деді төраға Ережеп Құдайбергенұлы Бекет. – «Қаржылық сауаттылықты арттыру» курстары алдағы кездерде де жалғасын таба бермек.
Гүлжан БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ