ШАРТАРАП ШАРАЙНА

А.Қарсыбаев: «ӘР ТҰРҒЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУГЕ БАРЫНША ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕРЕК»

Әлеумет
Кеше аудан әкімі Арман Қарсыбаев аудан әкімдігі ғимаратында азаматтардың арыз-өтініштері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауда тұрғындар газ, электр тогының төлемақысы, ауыз су келісімшарты, жұмысқа тұру мәселесі, жер учаскесінің заңдылығы, үй кезегіне тұру, көше асфальттеу мәселесі, мектепке жұмысқа тұру, кезекпен тұрғын үй алу және басқа да әлеуметтік көмек алу мәселелерін жеткізді.
Аудан басшысы әр өтініш-сұрақтың шешу жолдарын жан-жақты түсіндіріп, жауапты бөлімдерге әр өтініш бойынша заң аясында тиісті жұмыстарды істеуді айтып, әр тұрғынның мәселесін барынша шешуге жұмыс істеуді тапсырды.

Made on
Tilda