Өткен аптада Республикалық «Әділ билер» қоғамдық бірлестігі Шардара аудандық филиалының төрағасы Есенгелді Сариев ауданымыздың ардагері Мамиров Дүйсебайды қос мереке 9 мамыр – Жеңіс күні мен туылған күнімен құттықтады.
Сонымен қатар республикалық «Ынтымақ жолы» қоғамдық қорының директоры А.Арипхановтың шешімімен Қоғам алдындағы еселі еңбегі үшін Мамиров Дүйсебайға «Ардақты ардагер», «Еңбек даңқы» төсбелгілері мен сертификаттарын табыстады.
Мамиров Дүйсебай 1953 жылы 9 мамырда дүниеге келген. Ол алғашқы еңбек жолын «Мемлекеттік сақтандыру» мекемесінде инспектор, бухгалтер қызметтерінен бастаған. Тәуелсіздік жылдарында жеке кәсіппен де айналысып, 30 жылдай жүргізуші болып халыққа қалтқысыз қызмет еткен.
Қазіргі таңда жұбайы Такулова Жақсыгүл Тілләбекқызымен 4 қыз, 3 ұл тәрбиелеп, олардан 30 немере, 6 шөбере сүйіп отырған бақытты ата.
Ауданымыздың көркеюі мен дамуы жолында аянбай еңбек еткен ардагерді марапатымен құттықтай отырып, отбасына амандық, деніне саулық тілейміз.
Аяжан ТӘЖІ