ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Шаруаларға несие беру жолдары түсіндірілді

Әлеумет Экономика
Ұзыната ауылының Мәдениет үйінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Н.Тұрашбековтың тапсырма-сына сәйкес, аудандағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы «Кең дала 2» бағдарламасы аясында көктемгі дала жұмыстарына бөлінетін қажетті несиелік қаржы мен «Агробизнес» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдау шараларының берілу шарттарын түсіндіру мақсатында мәжіліс өтті. Жиынға «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Шымкент филиалы директорының орынбасары Б.К.Кулсинбаев, несиелендіру бөлімінің бас менеджері М.А.Тажмағанбетов, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі С.Оразбаев, ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы А.Маканов сонымен қатар, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары, ауыл әкімдіктерінің салаға жауапты мамандары, кәсіпкерлік субъктілері мен ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері қатысты.
Күн тәртібіндегі көктемгі дала жұмыстарына және басқа да агроөнеркәсіптік кешен саласына, «Кең дала 2» және «Агро-бизнес» бағдарламалары бойынша егін шаруашылығына, мал шаруашылығына бөлінетін нес-иенің мөлшерлемесі, 5 пайыз-дық ұзақ мерзімге бөлінетін несие, жалға алынған суармалы және жайылым жерлерді кепілдікке қою мәселесі, несие алу шарттары және тағы басқа мәселелер бойынша С.Макиев, Е.Анапияев, М.Нұрпейісов, Е.Омаров, А.Төребеков, Т.Ешенқұлов, тағы басқа да шаруалардың сұрақтарына «Аграр-лық несие корпорациясы» АҚ мамандары толыққанды жауап берді, сонымен қатар шаруалардың толғандырған мәселелері талқыланды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
Made on
Tilda