ШАРТАРАП ШАРАЙНА

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ ШАРДАРАДА «БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ» ӨТТІ

Әлеумет
2025 жылғы 28 сәуір күні, Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай Шардара аудандық мансап орталығының ғимаратында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жұмыссыз азаматтарды тұрақты жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, сондай-ақ жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасында тікелей байланыс орнату болды.
Жәрмеңкеде аудан аумағындағы түрлі салада жұмыс істейтін 8 мекеме өз тарапынан бос жұмыс орындарын ұсынды. Іс-шараға 29-дан астам адам қатысып, нәтижесінде 21 азамат тұрақты жұмысқа жолдама алды, ал 8 азаматқа кәсіби кеңестер мен консультациялар берілді.
Шара барысында жұмыс іздеушілерге қажетті құжаттарды рәсімдеу тәртібі түсіндіріліп, еңбек нарығындағы мүмкіндіктер туралы ақпарат ұсынылды.
Мұндай жәрмеңкелер өңірдегі жұмыссыздық деңгейін төмендетуге, азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға және қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыруға оң әсерін тигізеді.

А. КАБЫЛБЕКОВА – Шардара аудандық “Мансап орталығы” филиалының баспасөз хатшысы
Made on
Tilda