Құрметті Шардаралықтар!
Сіздерді татулық пен келісімнің мерекесі 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі – бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған барша халық үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің мерекесі және ұмытылмас күні.
Мемлекетіміздің басты байлығы халқымыздың этносаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылатынын бүкіл ел-жұртшылығы біледі.
Қазақстан Республикасында сонау 1995 жылы құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлтаралық саясатты өркениетті түрде жүзеге асырудың, барлық этнос өкілдерінің азаматтық топтасу құралдарының бірі бола отырып, азаматтық қоғамның толыққанды әрі аса тиімді институтына айналғандығы мәлім. Биыл сан түрлі эт-нос өкілдерін ынтымақ пен ауызбірлікке жұмылдырып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылға-нына 30 жыл толып отыр. Осынау мерейлі датаға байланысты ұйымдастырылған жиында президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблеяның атқарып отырған жұмысына жоғары баға берді. «Ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі және солай болып қала береді. Қазақстанда келісім, төзімділік, достық ұғымдары құры ұран емес, азаматтардың күнделікті өмір салтына айналған құндылық. Ауқымды қақтығыстар, сауда соғыстары, адам өмірінің құнсыздануы кезеңінде бейбітшіліктің қадірі ерекше арта түсті. Өйткені бұл дамудың басты кепілі. Барлығымыз қал-қадерімізше бейбітшілікті сақтауға атсалысамыз» деп сөз сөйлеген мемлекет басшысы барша қазақстандықтарды басты байлығымыз – бейбітшіліктің қадірін бағалауға, соған атсалысуға шақырды.
Бүгін біз Ұлы Даланың ұлағатымен Мәңгілік Ел құруға қадам бастық және осы бағыттардағы шаралар күн санап ілгері жылжуда. Мың құбылған заманның және жаһанданудың сан түрлі иіріміне төтеп беретін қуатты мемлекетті қалыптастыра алдық. Елеулі өзгерістер қоғамымыздың барлық саласын қамтып отыр және бұл күндері Қазақстандағы азаматтық қоғам үрдістері өзінің орнықтылығын қалыптастыруда. Сонымен қатар жалпыұлттық жаңғыру саяси-экономикалық, мәдени-рухани салалармен қатар, азаматтық санаға да сер-піліс алып келеді.
«Бірлік болмай, тірлік болмас» деген халқымыздың дана сөзі мемлекет дамуының негізгі өзектерінің біріне айналды десек әсте қателеспейміз. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған және алдағы кезеңдерде де бұл үрдіс жалғаса берері анық.
Біздің бәріміздің ортақ мақсатымыз бір. Ол Отанымыздың мызғымаған күйде, бейбіт түрде өркендеуі. Бүгінде өңірімізде жүзі басқа болса да тілегі бір 22 ұлт өкілдері бір атаның баласындай еңбек етіп, ауданымыздың өркендеуі мен гүлденуіне өз үлестерін қосып келеді. Алдағы уақытта да қалыптасқан елдік дәстүрімізді, береке-бірлігімізді, ұйым-шылдық пен татулығымызды сақтай отырып, биік белестерден ұдайы көріне берейік. Ал осы мақсаттарда бізге ынтымақ пен татулық аса қажет екендігі айтпаса да түсінікті.
Құрметті жерлестер!
Шардара аудандық Ардагерлер кеңесі, аудан ардагерлері атынан баршаңыздың отбасыларыңызға бақ-береке, қуаныш пен бақыт тілейміз. Қазақстан халқы өркен жайып, тәуелсіз елімізде тыныштық пен татулық бола бергей.
Тоқсанбай БЕРДІБЕКОВ – Шардара аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы, Түркістан облысының Құрметті азаматы