Жуырда аудан әкімі Арман Қарсыбаев сала мамандары және мердігер мекеме өкілдерімен бірге, аудан орталығынан 39 шақырым қашықтықтағы Шардара-Байырқұм жер асты су кен орны, яғни, Қ.Тұрысбеков ауылдық округі, Тама-Тастанбек учаскелеріне барды.
Құрылыс орнын көріп, мамандармен «Шардара ауданының Шардара топтық су құбырын салу» жобасын талқылады.
Мердігер мекеме «Алтын констракшн» ЖШС-нің өкілдері ақпан айында жұмыс қарқыны күшейетінін жеткізді. Атап айтқанда, топтық су құбырының ұзындығы – 39,28 шақырымды құрап, оның қуаттылығы тәулігіне 12 000 м3 құрайтын болады. Сондай-ақ, жо-бада І-ІІ көтерілімдегі су сорғы станциясы және 40 шақырым электр желісін жүргізу жоспарланған.
Мұнда 2008-2009 жылдары Шардара-Байырқұм жер асты су кен орнына қайта барлау жұмыстары жүргізіліп, жер асты су қоры бекітілген. Жоба іске асқанда, Шардара қаласы мен оған іргелес жатқан 22 елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі