Шардара ауданының құрылуына бірден-бір себепкер болған осы өңірде 1958 жылдың күзінде басталған құрылыс жұмыстары деп білемін. Бұл құрылыс кезінде «Бүкілодақтық екпінді комсомол-жастар құрылысы» деген ат алды. «Шардарақұрылыс» басқармасының жұмыстарын екі кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең – сыйымдылығы 5,7 млрд. текшеметр келетін Шардара су қоймасы мен 100 квт қуаты бар Шардара су электр стансасының, ұзындығы 5 шақырым келетін құмды шайып жасаған тоспа, секундына 1700 текшеметр су босататын Арнасай су торабы мен ұзындығы 2,1 шақырым келетін топырақтан жасалған тоспа құрылысы жүргізілген кезең. Осы жұмыстарды атқару үшін «Шардарақұрылыс» басқармасында 4 учаске, 1 автобаза, 1 қосалқы кәсіпорындар басқармасы (УПП), 1 материалдық-техникалық жабдықтау кеңсесі, 1 жөндеу-механикалық зауыты жұмыстар жасады. Осыларға қосымша «Казахвзрывпром» тресінің бір учаскесі, «Средазгидромонтаж» басқармасының бір учаскесі, «Средазгидромеханизация» басқармасының бір учаскесі жұмыстар атқарды.
Екінші кезең – «Шардарақұрылыс» басқармасы 1965 жылдан бастап Қызылқұм өңірін игеруге кірісіп кетті. 72000 гектар жаңа жер игеріліп, пайдалануға берілді. Осы дайындалған жаңа жердің негізінде 10 кеңшар құрылды – 6 күріш, 4 мақта егетін шаруашылық, кейінірек 8000 гектардай жер Арыс ауданының қарамағына өтіп кетті. Жаңа кеңшарларды егін сумен қамтамасыз ету үшін секундына 200 текше метр су жүретін, ұзындығы 116 шақырым, ондағы суды реттейтін үлкен гидротехникалық ғимараттармен қоса Қызылқұм магистралды каналы салынды. Жалпы ұзындығы 1600 шақырым келетін егістікке су жеткізілетін каналдар, ұзындығы 3000 шақырым келетін су қашыртқы каналдары салынды. Ұзындығы 180 шақырым келетін Шардара-Арыс магистралды автожолы, ұзындағы 1500 шақырым келетін кеңшарлардың ішіндегі асфальтталған және тас (гравий) төселген жолдар халықтың игілігіне берілді.
Екінші кезеңді игерген кезде «Шардарақұрылыс» басқармасының қарамағында төрт жылжымалы мехколонна, бір автобаза, бір Өндірістік технологиялық комплектациялау басқармасы (УПТК) жұмыс істеді. Сол кезде «Шардарақұрылыс» басқармасында 1500 құрылысшы бар еді. Олардың басым көпшілігі механизаторлар болатын (эксковатор, бульдозер, скрейпер, автомашина, кран жүргізушілер), ал инженер-техниктер 230 адам болды. Осы алып құрылыста 40 ұлттың өкілі бір-бірімен қоян-қолтық араласып жұмыс істеді.
«Шардарақұрылыс» басқармасының бірінші бастығы Әшім Қасымов болды. 1958-1964 жылдары басқармаға басшылық жасаған ол кісі мұнан соң зейнеткерлікке шыққанша жаңадан құрылған «Главриссовхозстрой» Бас басқармасының бастығы болды. Мұнан кейін Бас басқармаға Эрих Христофорович Гукасов басшылық жасады.
Мен 1961 жылы Қазақтың политехникалық институтын және Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын «Тау-кен инженері және инженер-гидротехник» мамандығы бойынша бітіріп келген соң Шардара су қоймасы мен су электр станциясының құрылысында бұрғылау және қопару жұмыстарының басшысы болдым.
Кейіннен «Шардарақұрылыс» басқармасында аға прораб, бас технолог, №10 жылжымалы мехколоннаның бас инженері, бастығы, «Шардарақұрылыс» басқармасының бас инженерінің орынбасары, бас инженері және бастығы қызметтерін атқардым.
«Қызылқұм» су шаруашылығы жүйелері басқармасының бастығы болдым. Жеке қатысуыммен және өндірістегі істерді басқаруыммен Қызылқұм өңірінде ірі-ірі гидротехникалық құрылыстар салынды. Шардара су қоймасы, су электр станциясы, Арнасай ықпа су құрылыс жүйесі, Қызылқұм массивіндегі суландырудың I-II кезеңдері игерілді.
Шардараның 60 жылдық тарихында құрылыс шеберінен «Қызылқұмсовхозқұрылыс» тресінің бастығы, «Шымкентмелиорация» бірлестігінің бастығы, одан Шардара ауданының әкімі қызметін атқарған Өстемір Тілегенов, құрылыс шеберінен құрылыс комбинатының директоры, аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болған Өтеғұл Түгелбаев, сол сияқты Оралбай Ақбердиев, Шадман Нұртаев, Ыбырай Сахов, Зұлпыхар Биболов тағы басқалардың қомақты үлестері болды. Жалпы алғанда сол кездегі құрылысшылар «Тыңды ерлер көтереді, ерлерді тың көтереді» дегенді дәлелдей алды. Барлығының есімдері Шардара тарихында алтын әріптермен жазылды.
60 жылда ел ағаларының ерен еңбектерінің нәтижесінде осындай деңгейге жеткен Шардараның келешегі бұдан да кемелдене түсері анық. Сондықтан да барша шардаралықтарды мерейтоймен құттықтай отырып, отбасыларына амандық, дендеріне саулық тілеймін. Шардарамыз мұнан да шырайлына берсін деймін.
Тәңірберді
АҒМАНҰЛЫ –
еңбек ардагері, «Құрмет белгісі» және «Құрмет» ордендерінің иегері, «Қазақстанның құрметті Құрылысшысы»,
Шардара ауданының Құрметті азаматы.