Қазақстан Республикасының Журналистер Одағы жергілікті жердегі журналистердің тәжірибесі мен білік-тілігін арттыру мақсатында республика көлемінде «Медиасауаттылықты арттыру барысындағы БАҚ өкілдерінің рөлі» тақырыбында аудан, қалалардағы газет редакцияларында көшпелі семинарлар өткізіп, оған білікті деген журналистер тартылуда.
Ақпаратты таратуда дәстүрлі БАҚ пен медиа кеңістіктегі заманауи тәсілдерді ұштастыру, аудан, қалалардағы БАҚ ұжымдарының мемлекеттік тапсырысына қол жеткізуі және орындау барысында тәжірибе алмасу семинары Шардара аудандық «Шартарап– Шарайна» ақпараттық-танымдық газетінің редакциясында да өтті.
Қазақстан Жазушылар Одағының Түркістан облысындағы өкілі Айдар Сейдазым, Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының Түркістан облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы Мәлік Дәулетов, ар-дагер журналист, профессор Сейдулла Садықов, жас ақын, «Түркістан» газетінің тілшісі Дәурен Тілеухан газеттің ұжымымен, тыныс тіршілігімен танысты.
«Шарайнаның» редакторы, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы ақпарат саласының үздігі, Шардара ауданының Құрметті азаматы Қары Нұрмахан Қауысұлы газеттің тарихына қысқаша тоқталып, оның меншік иесі «Нұр-МБК» өндірістік кооперативінің қолдауымен 2002 жылдан бері үздіксіз шығарылып келе жатқанын, жыл сайын таралымы артып, оқырмандардың талғамына орай жаңа тақырыптық мақалалар жарияланып, газеттің 50 пайызы түрлі-түсті бояумен шығып, биылдан бастап мақалалардың қасында QR-код арқылы фото-видеолар беріле бастағандығы, алдағы жос-парлары жайлы, аудан әкімдігімен жүйелі байланыс болып жатқандығы жөнінде мәлімдеді.
Өз кезегінде редакциядағы атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берген қонақтар ауыл журналистерінің алдында тұрған міндеттері, журналистиканың беделін арттыру бағытында атқарылатын жұмыстар, газетті халықтың пікірі мен талап тілектерін билік өкілдеріне жеткізетін «алтын көпірге» айналдыру керектігі жөнінде ойларын бөлісіп, пікір алмасты.
Сонымен қатар келген қонақтар аудандық «Өскен өңір» газетінің редакциясында, аудан әкімінің орын-басары Бауыржан Шомпиевтің қабылдауында болды. Онда Бауыржан Қуанышбайұлы ауданның тыныс-тір-шілігі мен жетістіктерін бұқара халыққа жеткізуде өздерінің міндеттерін абыроймен атқарып келе жатқанын, алдағы кезде де газет редакцияларымен байланыс нығая түсетіндігін атап өтті.
Жаңабай ӘЛІҚҰЛҰЛЫ