ШАРТАРАП ШАРАЙНА

АУДАН ӘКІМДІГІНДЕ КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

Әлеумет
Аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың төрағалығымен кезекті лездемелік аппараттық мәжіліс өтті.
Жиын барысында бірқатар сала жетекшілері күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша баяндама жасап, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде есеп берді. Атап айтқанда, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Сержан Ильясов жер қатынастары саласындағы ағымдағы жұмыстар мен жоспарланған жобалар туралы баяндаса, аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Мейіржан Мұсабеков орта-лықтың 2025 жылдың бес айында жүзеге асырған шаралары жөнінде ақпарат ұсынды.
Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша аудан әкімінің кеңесшісі Батырбек Қалдарбек атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.
Мәжіліс барысында инфрақұрылым, коммуналдық қызмет көрсету және ауыл шаруашылығы салаларына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда:
туристік аймаққа тас төсеу және электр желілерімен қамтамасыз ету;
инвестициялық жобаларды жүзеге асыру;
ауыл шаруашылығында дихандарды тамшылатып суғаруға көшіру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
ағын су қарыздарын өтеу;
ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері кеңінен талқыланды.
Аудан әкімі Арман Қарсыбаев баяндамаларда көтерілген мәселелерге ерекше назар аудара отырып, орын алып отырған кемшіліктерді атап өтті. Жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, нәтижелілік пен уақтылы орындалуға бағытталған жұмыстың маңыздылығына тоқталды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
Made on
Tilda