ШАРТАРАП ШАРАЙНА

ӘРБІР САЛАДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ПЫСЫҚТАЛДЫ

Әлеумет
Аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың төрағалығымен лездемелік аппараттық мәжіліс өтті.
Мәжілісте Шардара қаласы әкімінің атқарып жатқан жұмыстары және әрбір саладағы биылғы жылы ат-қарылатын жұмыстар сараланды. Атап айтқанда, қаладағы аялдамаларды жаңалау, абаттандыру, жарық-тандыру, санитарлық тазалық, қоршаулар мен жиек-тастарды сырлау, көпқабатты тұрғын үйлерге газ кіргізу, жолдардың (ямочный ремонт) шұңқырларын жөндеу, кәріз суларын тұндыру алаңы, 300 орындық жайлы мектеп құрылысының қарқыны, Сүткент ауылындағы спорт кешенінің құрылысы, шомылу маусымында су қойма жағалауының тазалығын қадағалау, ағын су каналдарының мәселесі, тамшылатып суғару егістік көлемін арттыру, көктемгі егін егу, инвесторлармен жұмыс, наурыз және ауданның 60 жылдығына арналған мерекелік шараларға дайындық, индикаторлық көрсеткіштер және басқа да мәселелер талқыланып, пысық-талды.
Арман Романұлы әрбір саладағы негізгі кемшіліктерге тоқталып, жұмысқа салғырттық танытқан сала басшыларына ескерту жасады.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
Made on
Tilda