Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 33 жыл толды. Бұл мерзім аралығында көптеген тарихи өзгерістер болып, дініміз, салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымыз қайта жаңарып, еліміздің әлеуметтік дамуы да артты. Халық кәсіпкерлікті дамытып, өз еңбегінің жемісін көре бастады. Олардың қатарында ағалық, аталық өсиеттері мен іс-тәжірибелерін жастарға үйретіп ардагерлер де жүрді. Сонымен қатар ардагерлер жастар тәрбиесіне де баса назар аударған.
Бұл жөнінде аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, теолог Асылхан Данияров, ардагерлер кеңесінің алқа мүшелері мен бастауыш ардагерлер ұйымдарының төрағалары қатысқан Тәуелсіздік мерекесіне арналған жиында кеңінен айтып өтті.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің теолог-маманы Асылхан Қасымұлы да жиынға қатысушыларды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, ардагерлерге отбасылық құндылықтарды насихаттап, бала тәрбиесіне баса көңіл бөлу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар Шардара ауданының Құрметті азаматы Бәкір Қалмырзаға аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың Алғыс хатын тапсырды. Мерекелік жиында Назарбай Тоқсанбаев, Үсенбай Қалдыбеков, Ибрагим Бектұрсыновтар аудандық мәслихаттың төрағасы Бұлтбай Мүтәлиевтің Алғыс хатына ие болды. «AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалының төрағасы Бекет Ережеп Құдайбергенұлының Алғыс хатымен Тұрғанбек Чужеев, Нұрғали Ибрайым, Тұрсынхан Орынбасар марапатталды.
– Сіздер Шардара ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өсіп-өркендеуіне лайықты үлестеріңізді қостыңыздар. Қызылқұм өңірін игеруге белсене атсалысып, қажырлы еңбектеріңіздің арқасында көптің құрметіне бөленіп жүрсіздер. Бойларыңыздағы білім мен өмірлік тәжірибелеріңізді, іскерлік қасиеттеріңізді жастарға үлгі етіп келесіздер. «Ел ағасыз, тон жағасыз болмайды» дегендей алдағы уақыттарда да халықтың ынтымағы мен бірлігін нығайтуға атсалыса бересіздер деп сенемін, – деген Тоқсанбай Бердібеков жиынға қатысушыларды Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, Есенкүл Нұртаева, Сәрсенкүл Алтынбекова, Несібелі Шәменова, Дана Жұмабек, Асылхан Данияров, Есенбек Қаханов, Жора Аманов, Сыдық Кошимов, Оразмұрат Күлиев, Шалабай Үсіпбаев, Нұрлан Смайлов, Мейіржан Мұсабеков, Жолан Мұсабектерді Алғыс хатпен марапаттады. Сонымен қатар Назарбай Тоқсанбаев, Жаңбырбай Танбаев, Мархабай Мұсахан, Қанат Бегалиев, Түгелқос Жанықұлов, Қуан Сейсен, Әбілда Әбдіқадір, Алдаберген Күнтуаров, Шахабай Керімбековтерге «Qurmet – Abyroi, Birlik» қоғамдық бірлестігінің шешімімен берілген «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалін табыс етті.
Марапатталғандар атынан сөз алған ардагер ұстаз Есенкүл Нұртаева ардагерлерді Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, қазақ азаматтарының қашанда мәртебесінің биік болғанын, Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысында ерлік көрсеткенін атап өтіп, Желтоқсан оқиғасында қазақтың рухын көтеріп, өлімнен де тайсалмаған Қайрат Рысқұлбековтей отансүйгіш, елін, жерін қадірлеп сүйетін жастарды тәрбиелеуге ардагерлердің атсалысуы қажеттігін айтты.
Жиын соңында өзге де мәселелер мен алдағы жылдың баспасөзіне жазылу, Жаңа жылда атқарылатын жұмыстардың бірқатарына шолу жасалып, тиісті қаулы қабылданып қорытындыланды.
Ж.ӘЛІҚҰЛҰЛЫ