Шардара құрылысының бастау алған жылдары дүниеге келіп, осы өңірде өсіп, есейіп, ақыл тоқтатқан шағымда оның қалай көркейіп, гүлденгенін көру – жүрекке жылу ұялататыны сөзсіз.
Мен 1962 жылы 21 қаңтарда Шардара ауданының Шардара кеңшарына қарасты №6 «Жібекші» фермасында дүниеге келдім. 1960-жылдары Шардара кеңшары Қызылқұм қойнауында қаракөл қойын өсіруді, қой басын көбейтуді мақсат етіп, мал өрісін кеңейткен екен. Ол кезде еліміздің басшысы Дінмұхаммед Қонаев Қазақстанда қой санын 50 миллионға жеткізуге әлеует бар екенін айтып, уәкілетті органдарға тиісті тапсырма берген. Осыған орай әр өңірде қой шаруашылығымен айналысатын кеңшарлар ашылған.
Жаңадан құрылған сол кеңшарлар Қызылдың қойнауына шахталы құдықтар қазып, отар-отар қойды жайылымға шығарған. Менің жасөспірім шағымдағы кейбір көріністер әлі күнге дейін көз алдымда. Сол алыс жатқан фермада 8 жылдық мектеп-интернат жұмыс істеді. Әкем, Бекетұлы Құдайберген, бастауыш сынып мұғалімі болды.
Мен 1968 жылы алғаш рет мектеп табалдырығын аттадым. Есімде ерекше сақталғаны – 1969 жылғы қыстың ерекше қатал болғаны. Қалың қардың салдарынан мал қорадан шыға алмай, ауыл орталығымен байланыс үзіліп, жем-шөп жеткізу мүмкін болмай қалды. Сол бір қатал қыста жаңадан көбейіп келе жатқан малдың 70 пайыздайы аштықтан қырылып, АН-2 ұшақтарымен престелген шөптің әуеден тасталғанын көзіммен көрдім. Міне, содан бері 60 жылға жуық уақыт өте шықты. Кеңес өкіметі жылдарында мал басын көбейту басты мақсаттардың бірі болғаны белгілі.
Кеңес өкіметі тарағанға дейін, яғни 1990-жылдардың басына дейін, бір ғана Шардара ауданының өзінде 200 мыңнан астам қаракөл қойы бар 4 кеңшар жұмыс істеді. Менің бала кезімдегі арманым – экономист болу еді. Негізгі мақсатым – туған жерімнің әлеуетін көтеріп, экономикасын дамытуға үлес қосу болатын. Алайда кейіннен малдәрігерлік мамандықты таңдап, 1984 жылы Алматы Зооветеринария институтының ветеринария мамандығын бітіріп, туған жерімде қызмет етуге кірістім. Өзімнің туған, өскен жерімдегі мал шаруашылығын дамытуға үлес қосқаныма Аллаға шүкір деймін. Себебі ата-бабамыздан жалғасқан мал шаруашылығы – еліміз экономикасының іргетасы, ел дамуына орасан үлес қосатын сала.
Шардара ауданы – ауыл шаруашылығының әлеуеті зор өңір. 1990-91 жылдары Кеңес Одағы ыдырап, әр республика өз егемендігіне қол жеткізгеннен кейін, Шардара ауданы да өзінің мүмкіндігіне сай жұмыстарды қолға алды. Мал шаруашылығымен айналысатын ауылдарда пай үлесіне қарай төрт түлік бөлініп, құдықтар, шопан үйлері, қора-қопсылар үлестіріліп берілді.
Ұлы академик И.Скрябиннің «Медицина адамды емдейді, ал ветеринария адамзатты емдейді» деген қанатты сөзі бар. Кеңес Одағы ыдыраған тұста мемлекет иелігіндегі мал жекеменшікке өтті. «Ауру айтып келмейді» демекші, адам мен жалпы адамзатты түрлі індеттерден сақтау үшін уақытылы шаралар қабылдау қажет болды. Өкімет тарапынан тегін бөлінетін дәрі-дәрмектер, биопрепараттар шығаратын биофабрикалар жекеменшікке өтті.
Дегенмен сол өтпелі кезеңде аудан аумағында ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жанқиярлықпен еңбек еткен, бүгінде өмірден озған бірқатар ардақты ағаларымыз бар. Олар: Демесбек Абуов, Жағалбайлы Юсупов, Төребай Қасымбеков, Қайып Қүлметенов, Шүкір Жарияқұлов, Тұңғышбай ағамыз, Базарбай Тұрлыбеков, Бейсенбай ағамыз, Олжабай ағамыз, Ахмет Нөсеров және ерте қайтыс болған әріптесіміз Ержан Аманов. Сондай-ақ қазір де ортамызда жүрген, жасы 85-тен асқан Күлпаршын Тұрысова апайымыз, жасы 80-ге жеткен Қуанбек Абдуллаев ағамыз, 75-тегі Шамаран Қайруллаев, Нұрбас Иса ағамыз, ардагерлеріміз Исабек Әбдіманапов, Сапарбай Қожбанов, Жарқын Пазылов, Қасымбек Ешниязов, Орынша Қайруллаева, Разия Шадиева, Бибіажар Көрпебаева сынды азаматтар мен апайлар ауданымыздың дамуына көп үлес қосты.
Осы салада жұмыс істей жүріп, 2018 жылы Шардара қаласының әкімі қызметіне тағайындалдым. Әкім болып келген сол жылы Шардара қаласының 50 жылдық мерейтойы аталып өтті. «SAFARI SHARDARA» атты тарихи-мәдени, спорттық іс-шара халықаралық деңгейде ұйымдастырылғанын атап өткім келеді. Қаланың өсіп-өркендеуіне еңбегі сіңген, әлі де қызмет етіп жатқан әр саланың майталмандары мен еңбек адамдарына құрмет көрсетіліп, сый-сияпат жасалды.
Шағын, сұлу қаламыз бүгінде түрлі жетістіктерімен танылып келеді.
Әр азамат өзінің туған жерінің көркейіп, гүлденгенін көргенде қуанады емес пе! Мен де Шардарамның өсіп-өркендей беруіне титтей болса да үлес қосқаныма қуаныштымын.
Өсіп-өркендей бер, Шардарам!
БЕКЕТ Ережеп Құдайбергенұлы– «AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалының төрағасы, Шардара ауданының Құрметті азаматы.