ШАРТАРАП ШАРАЙНА

АУДАНДЫҚ “ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНА” ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Әлеумет
Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Таласовтың бұйрығына сәйкес, Мусабеков Мейіржан Пердебекұлы аудандық “Жастар ресурстық орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшы болып тағайындалды.
Тағайындауға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Таласов арнайы барып, жаңа басшыны ұжыммен таныстырып, жемісті қызмет етуіне сенім білдірді.
Айта кетсек, Мусабеков Мейіржан Пердебекұлы 1986 жылы 7 наурызда Шардара ауданы, Қ.Тұрысбеков ауылдық округінде дүниеге келген. 2003-2007 жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2015-2017 жылдары «Жастар ресурстық орталығы» мемлекеттік мекемесінің әдіскері болып бастап, 2017-2020 жылы «Жастар ресурстық орталығы» мемлекеттік мекемесінің жанынан құрылған «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторының меңгерушісі, 2020 жылдан бүгінгі күнге дейін «Жастар ресурстық орталығы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары қызметін абыроймен атқарып келді.
Отбасылы, 1 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отыр.
Мейіржан Пердебекұлына алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз!
“Шартарап-Шарайна” ақпараттық-танымдық
газетінің ұжымы
Made on
Tilda