ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Қыстау Ілесов – медаль иегері

Әлеумет
Қазақстанның халық Ассамблеясы 30 жыл көлемінде барлық халықтың ынтымағы мен бірлігін сақтауда өзіндік орны бар ұйым болып табылады. Бүгінде облыстың Ассамблея жанындағы қоғамдық құрылымдар мен этномәдени бірлестіктер «Салауатты сана», «Адал азамат», «Елтану», «Жаңа толқын» жобаларын тиімді іске асырауда өз үлестерін қосып келе жатқандығы жөнінде Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы атап өтті.
Мерекемен құттықтаған Ертай Алтаев бірқатар азаматтарға еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға қосқан үлестері үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен берілген «Қазақстан халқы Ассамблеясына -30 жыл» мерекелік медалдарын табыстады. Марапатқа ие болғандар арасында ҚХА мүшелері мен ардагерлері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері бар.
Бұл марапатқа Шардара аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ілесов Қыстау Інайұлы да ие болды. Ол «Құрмет белгісі» орденінің, «Шардара ауданына 60 жыл» тағы басқа да медальдар мен төсбелгілердің иегері, Шардара ауданының Құрметті азаматы.
Биылғы жылдың өзінде қос марапатқа ие болған еңбек ардагеріне алдағы кезде де мол жетістіктер тілейміз.
«Шартарап-Шарайна» газетінің ұжымы
Made on
Tilda