ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы

Әлеумет
Егемендік алғаннан бергі жылдар ішінде қоғам дамуының барлық саласында түбегейлі өзгерістер болып жатқаны бәрімізге белгілі. Соның ішінде сервистік мемлекеттің тиімді жүйесі мен құрылымы жасалып, мемлекетті басқарудың ұтымды үлгісі іске қосылуда. Бүгінгі күні мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімді жүйесін құру мемлекеттік аппараттың алдындағы басты мақсаттарының бірі. 2013 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы қабылданған күннен бастап осы саладағы құқықтық қатынастарды реттейтін негiзгi принциптер бекітілді, сондай-ақ іргелі болып табылатын және Қазақстанда мемлекеттік қызметтер жүйесін реформалауда маңызды рөл атқаратын тұжырымдамалық инновациялар оқшауланды. Біріншіден, 2013 жылы Қазақстанда үйлестіру және бақылау жүргізу мақсатында денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау және қамтамасыз ету, мәдениет, туризм және спорт салаларындағы құжаттандыру, рұқсат алу қызметтерін тіркеу, анықтамалық қызметтерді және т.б. қамтитын мемлекеттік қызметтер көрсету тізілімі бекітілді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңда көзделген «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» ұғымы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету аумағы кеңейтілді және онда келесі бағыттар ескерілді:
– мемлекеттік органдардың белгілі бір функцияларын іске асыру;
– көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асыру;
– заңды және жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беру. Екіншіден, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында, Заңнамаға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу ұғымы енгізілді. Шет мемлекеттердің тәжірибесін ескере отырып енгізілген бұл жаңашылдық арқылы қоғамдық сауалнама жүргізетін, оны жариялайтын, бағалайтын, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейтін арнайы ұйымдар Қазақстанда құрылды. Бұл ұйымдар халықты әлеуметтік сауалнама, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін заңнамаға сәйкес талдау, «құпия сатып алушы» және т.б. құралдарды пайдалана отырып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылайды.
Үшіншіден, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңы мемлекеттік қызметтерді алушылардың кешенді құқықтарын, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдану тәртібін реттейді.
Төртіншіден, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына азаматтардың қанағаттану деңгейіне талдау жүргізу арқылы бюрократияның деңгейін төмендету, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуды оңайлату, сондай-ақ олардың тиімділігін арттыру мақсатында, мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және талдау жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Қолжетімділік, ашықтық, сапалы және уақтылы қызметтерді ұсыну электронды түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы барынша қамтамасыз етілуде. Сонымен қатар, электронды нысанда мемлекеттік қызметтерді көрсету құжаттарын жеңіл өңдеуді, қысқа мерзімде алуды, мемлекеттік қызметтің кұнын төмендетуді және лауазымды тұлғалар мен қызмет алушылардың арасындағы тікелей байланысты жоюды талап ететінін атап өткен жөн. Бесіншіден, мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары әзірленіп, қабылданды. Қағидалар мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттарды, көрсету мерзімін, мемлекеттік қызметтерді алудың шарттарын, мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелерді және т.б. белгілейді. Сонымен бірге мемлекеттік қызмет көрсету қағидасы негізінде қызмет алушы алынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасына шағымдануына құқығы бар.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Басты мақсат мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін қысқарту, рәсімнің өзін оңайлату, азаматтар мен заңды тұлғалар үшін қаржылық шығындарды азайту, бюрократиялық кідірістерді жою және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту. Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтерді көрсету талаптары мен тәртібі "халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ - 336/2020 бұйрығымен айқындалады.
Ш.МАУЛЕНОВА –Шардара аудандық СЭББ-ың,
Қызметті жоспарлау және талдау
бөлімінің бас - маманы
Made on
Tilda