Осы бағытта Шардара ауданында да бірқатар ілкімді істер атқарылды. Мәселен, ауылдық жерлерді дамыту мақсатында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында төрт елді мекенде жалпы құны 298,0 миллион теңгені құрайтын жеті жоба жүзеге асырылды. Нәтижесінде 24 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, Жаушықұм елді мекені табиғи газге қосылды, Қызылқұм ауылындағы мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Сонымен қатар «Жайлы мектеп» жобасы аясында Шардара қаласында 1200 орындық бір мектеп пайдалануға берілді, – деген өңір басшысы басқа да ауыл шаруашылығындағы жетістіктерге тоқталып, орын алған кемшіліктерді де атап өтті. Алдағы жылы жүзеге асырылатын істер қатарында аудандағы бес мектепте – Достық, Т.Айбергенов, А.Әлімбетов, Ш.Уәлиханов және С.Кәттебеков мектептерінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетінін тілге тиек етті.
Ауданның жетістіктері аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың жылдық есебінде де кеңінен қамтылды. Атап айтқанда, егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстары қолға алынып, ауыспалы егіс жүйесі енгізілді, сондай-ақ жаңбырлатып және тамшылатып суару әдістері өндірісте кеңінен қолданыла бастады.
Атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтардың саны азайған. Халықтың осал топтарына арнап 124 тұрғын үй сатып алу көзделсе, оның 64-і беріліп үлгерген, қалған 60 үй жақын арада табысталмақ. Мамыр айының соңында 300 орындық тағы бір жайлы мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Бұған қоса, аудан басшысы спорт, мәдениет, білім салаларындағы жетістіктерді баяндап, балық шаруашылығын әрі қарай дамыту жөнінде ой бөлісті. Шардарадан Келес, Арыс, Жетісай бағыттарына шығатын жолдардың абаттанды-рылатынына тоқталып, ең бастысы тазалық жұмыстарына ерекше көңіл бөлінетінін айтты.
Облыс әкімінің сұрағына орай, туризмді дамыту мақсатында инфрақұрылымдық жұмыстар атқарылып жатқаны, туристер үшін заманауи қонақ-үйлер мен дәмханалар салынатыны айтылды. Сондай-ақ таза ауызсумен қамтамасыз ету үшін «Тама-Тастанбек» су жүйесінің құрылысы басталып, 3,6 шақырымы аяқталғаны хабарланды.
Облыс әкімімен өткен кездесуде тұрғындар тарапынан да сұрақтар қойылып, оларға тиісті жауаптар берілді. 2019 жылдан бері үй кезегінде тұрған көпбалалы ана Жадыра Сұлтановаға кезегі жеткенде баспана берілетіні айтылып, көшелерді жөндеу, спорт алаңдарын салу, ағын су тарифі, фельдшерлік пункттер мен амбулаториялар ашу жайлы қойылған сауалдарға тиісті сала мамандары жауап ұсынды.
Жиынды қорытындылаған өңір басшысы алдағы жұмыстардың ауқымды екенін атап өтіп, ол істерді бірлесе, жұмыла атқарғанда ғана еңсеруге болатынын жеткізді.
Кездесуден кейін облыс әкімі Нұралхан Көшеров жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың өтініш тілектерін тыңдады.
Ж.ЖІГЕРҰЛЫ