2023 жылғы 8 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президенті-нің Жарлығымен Адам құқықтары және заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспарына сәйкес Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен, Қазақстан Республикасында бала құқықтары жөніндегі уәкілмен және Парламент Мәжілісінің депутаттарымен бірлесіп, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды ілгерілету жөніндегі шараларды күшейту бойынша заңнамалық түзетулер әзірледі.
Қазіргі уақытта Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 15 сәуірі күні Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық еткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды.
Заңның негізгі мақсаты зорлық-зомбылықтың профилактикасы және өмірі қиын жағдайдағы адамдарды қолдау, қылмыстық жауаптылықтарды қатаңдату, жазаны күшейту болып табылады.
Осы заң негізінде кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстар бойынша татуласу мүмкіндігін болдырмайды, ұрып-соғу және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру криминализацияланады, кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық, суицидті насихаттағаны үшін жаңа жауапкершіліктер енгізілді.
Жас балаларға қатысты адам өлтіру, зорлауға қатысты жаңа заңда өмір бойы бас бостандығынан айыру, суицидке дейін жеткізу бес жылдан тоғыз жылға дейін, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасымен қатаңдатылды.
Сол сияқты тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шегуші қызмет көрсетуші ұйымдарда болған кезінде жәбірленушінің жұмыс берушісі қызметкерге жалақысы сақталмайтын 30 күнтізбелік күннен аспайтын демалыс беру міндеті қаралған. Ал, білім беру ұйымдарына кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа қайшы әрекеттерді анықтау жұмыстарын жүзеге асыру және болғызбау бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен білім алушылар мен тәрбиеленушілерге алғашқы психологиялық көмек көрсету құқығы берілген.
Қабылданған жаңа заң бойынша алдағы кезде халыққа кеңінен түсіндіру шаралары атқарылатын болады.
Гауһар СӘБДЕНОВА–
Шардара АПБ-нің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция капитаны