Апта басында Кентау қаласының 70 жылдық мерейтойына орай дәстүр мен руханиятты дәріптеген ерекше бір шара – «Баталы елге бақ қонар» атты облыстық бата байқауы өтті. Бұл игілікті іс-шарада Түркістан облысының түкпір-түкпірінен келген сөз өнерін серік еткен, ел ағалары мен батагөй қариялар бас қосып, бата беру өнерінде бақ сынасты.
Қазақ халқы ежелден-ақ «Бата – сөздің төресі» деп бата берген қарияның сөзін ұлағат санаған. Көнеден жеткен киелі дәстүрді жаңғырту, ұлттық тәрбиені дәріптеу, жастарға өнеге боларлық тағылымды сөз жеткізу мақсатында ұйымдастырылған бұл байқау – рухани мұрамыздың маңызын терең ұғындырудың бір көрінісі іспетті.
Осындай рухани жарыста Шардара ауданының мәртебесін көтеріп, мерейін үстем еткен жерлесіміз – «Шардара ауданының Құрметті азаматы», ел ағасы, ақылман қария Қыстау Інәйұлы Ілесов байқаудың ең жоғары марапатына – бас жүлдеге ие болды. Қыстау ақсақалдың батасында бүтін бір ұлттың ұлы мұраты, ұрпаққа аманат етер өнегесі, тәлім мен тәрбиесі тоғысқан. Оның жүректен шыққан батасы, мән-мағынасы терең, көркем тілмен өрілген өсиетті сөзі көрермендерді де, қазылар алқасын да тәнті етті.
Қыстау Інәйұлын жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық шабыт пен сарқылмас рухани қуат тілейміз!