ШАРТАРАП ШАРАЙНА

5400 ТҮП АҒАШ ЕГІЛДІ

Әлеумет
Аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың бастамасымен №4 мөлтекауданындағы жаңадан салынған «Болашақ» саябағында ерікті жастар мен мекеме қызметшілерінің қатысуымен ағаш отырғызу шарасы өтті.
Арман Романұлы өзі тал егуді бастап, бүгінгі егілген көшеттер ертеңгі күні балаларымыз саялайтын, табиғатты таза ауамен қамтамасыз ететін қастерлі дүние болатынын жеткізді.
1 наурыз – «Алғыс айту» күні және ауданымыздың 60 жылдығы мерейтойына орай, аудан көлемінде 2000-нан астам еріктілер мен аудан тұрғындары жаппай сенбілік, көшет егу жұмыстарына белсенді қатысып, 5400 дана көшет отырғызды. Сондай-ақ, қоқыс полигондарына 53 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Айта кетсек, «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен жылы ауданымызда 76 рет сенбілік өткізілді. Ал биылғы жылы ауданда 606 шақырым жол бойлары тазартылып 1311 ұсақ белгіленбеген қоқыс орындарын жоюды, 42300 дана ағаш әктеп-сырлауды, 67 дана аялдаманы қайта салу және 71 шақырым аяқжолдар мен 73 га саябақтарды, 6 га скверлерді, 75 дана көппәтерлі тұрғын үйдің жертөлелері мен 62 дана спорт алаңшасы мен балалар ойын алаңшасын, 111 шақырым ирригация жүйелерін тазалауды ретке келтіру жоспарланып отыр.
Made on
Tilda