ШАРТАРАП ШАРАЙНА

ШАРДАРА СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ЖАҒАЛАУЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

Әлеумет
“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық бағдарламасы аясында өңіріміздің санитарлық жағдайын жақсарту, су айдындарын тазалау мақсатында “Таза жағалау” тақырыбында Шардара су қоймасының жағалауында сенбілік ұйымдастырылды.

Сенбілік барысында “Қазсушар” РМК-ның Шардара аудандық филиалы, “Хамит” ауыл шаруашылық өндірістік коопиративі, Түркістан облысы бойынша балық инспекция бөлімі,Шардара аудандық шекара бөлімі, Шардара су қоймасының табиғат пайдаланушылары және аудан тұрғындарынан екі жүзге жуық белсенділер мен 3 техника қатысып, 12 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Құрметті аудан тұрғындары және табиғатта демалушылар! Сіздерді, белсенділікпен табиғатқа жанашырлық танытып, өз аумақтарыңызға сенбілік жасап, таза ұстауға шақырамыз!
Made on
Tilda