Жыл он екі ай бойы күн шуағы мол төгілген кең жазираны көз алдыңызға елестетіңіз. Сырдың қос қапталын бойлай, шөлейт дала мен өзен жағасы түйіскен тұсқа назар салып қарасаңыз, алдыңыздан байтақ әлемге құшағын жайған Шардара жері айрықша ажарымен баурайды. Биыл – осы өңірдің аудан болып құрылғанына дәл алпыс жыл. Алпыс жылдың белесінде Шардараның тарихы тереңдеп, тынысы кеңейді, жалындаған өр рухын күллі қазақ даласына паш етті.
Бір қарағанда, аудан 1965 жылы ғана ресми түрде құрылғанымен, Сырдарияның жағасын ежелден мекендеген халықтың сан ғасырлық тіршілігі бұл топырақтың өткеніне тамырын тереңдете түскен. Қазірде өңірдің әр түкпірінде кездесетін көне қорғандар мен ескі қалалар – сол бай шежіренің үнсіз куәсіндей.
Ауданымыздағы Ұзын-ата қорғаны, Сүткент қалашығы – XX ғасырдың ортасында археолог-ғалымдардың зерттеу жүргізіп, қазба жұмыстарын қолға алған тарихи мәні бар көне нысандар болып табылады. Аудан аумағында мұндай тарихи орындар мен атаулар да көптеп кездеседі.
Бізге жеткен мәліметтерге сүйенсек, «Шардара» сөзінің түп-төркінінде «қамал», «бекініс» ұғымдары бар. «Шар» – төртқұлақ қорған деген мағына берсе, «дара» – дара тұрған бекіністі білдіретін көрінеді. Демек, Шардара ерте заманнан-ақ елге пана болған, берік қамалдың рөлін атқарған мекен. Бұл атау жергілікті халықтың бірлігі, өз жерін қорғаудағы табандылығы мен қырағылығын айғақтап тұрғандай.
Шардараның ен байлығының бірі – ұшы-қиырына көз жетпейтін, 1962 жылы алғаш су толтырылған алып та айдынды Шардара су қоймасы. Шардара мен көрші аудандардың шөлейт даласын суландыру мақсатында тұрғызылған бұл гидротехникалық құрылыс – бүгінде аудан экономикасының күретамыры. Сырдарияның арынды ағысын тұсаулап, байтақ даланың бақытын ашқан су қоймасы күн сайын ағыл-тегіл тіршіліктің қайнар көзіне айналып отыр.
Қойма төңірегінде балық аулау ісі де өркен жайып келеді. Мұнда балықтың алуан түрі кездеседі. Тіршілік иелерінің сан алуандығы – табиғаттың мырзалығының дәлелі болса, балықшылық кәсіп – аудан халқының несібесін молайтып отырған басты шаруаның бірі. Өнімін Еуропаның алты мемлекетіне экспорттайтын «Хамит» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативінің балық зауыты дайындайтын тоңазытылған балық түрлері бүгінде Шардараның өзіне тән брендіне айналып үлгерді.
Ауданда балық өсіріп, оның өнімін алу мақсатында бірқатар шаралар атқарылуда. Бес балық өңдеу зауыты, сонымен қатар 41 балық өсірумен айналысатын кәсіпкер тіркелген. Балық өңдеу зауыттарында 400-ден астам адам жұмыспен қамтылған. 2024 жылдың 11 айында 3900 тоннадан астам балық өнімі дайындалып, 7,2 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Балық өнімдері республикамызбен қатар шетелдерге де шығарылып келеді.Өнім көлемін көбейту мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Кәсіпкерлер көлдер мен жасанды тоғандарда балық өсіріп, сатуды қолға алуда. «Хамит» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі шабақтарды торлы шарбақта өсіруді бастады. №16 колледжде балық өсіру курстары ашылып, кәсіпкерлер мен балық шаруашылығымен айналысушылар біліктіліктерін арттыруда.
Қарт Сырдың суы мен күннің шапағаты тоғысқан бұл өңірде жергілікті диқандардың еңбегі еш кетпейді. Ала жаздай танап басында тер төккен шаруалар күз түсе мол өнімге кенеледі. Мақта, бидай, жүгері, күріш, жеміс-жидек дейсіз бе – бәріне де осы өңірдің құнарлы топырағы қолайлы. Ауыл шаруашылығы – аудан экономикасының басты тірегі деуге болады.
Тәуелсіздік алған жылдары жекешелендіру үдерісі жүріп, ұсақ шаруа қожалықтары мен орта кәсіпорындар бой көтерді. Қала мен ауыл арасындағы байланыс күшейіп, мал шаруашылығы мен егіншілікте жаңа тәсілдер енгізілді. Аудан аумағында жаңа технологиямен жабдықталған зауыттар бой көтеріп, мақта, жүгері мен күрішті өңдеудің заманға лайық үлгісі іске қосылды.
Ауданның өркендеп, экономикалық дамуы – ауылшаруашылығының өрлеуіне, кәсіпорындардың жұмыс орындарын ашуына, кәсіпкерліктің дамуына тікелей байланысты. Осы мақсатта бірқатар жаңа жобалар жүзеге асырылуда. Бірнеше жыл қатарынан мақта егілген алқаптардың құнарлылығы, өнімділігі төмендеп, көп жер пайдаланудан шығып қалды. Мақташылар шығынын өтей алмай, қарызға батты.
Осындай тұста бұрынғы ауыспалы егіс тәжірибесін қайта қолға алып, жердің құнарлылығын арттыру үшін жүгері, күріш егу ісі жандана бастады. Жыл сайын күріш егістігі мыңдаған гектарға артып жатқандықтан, күріш өңдеу зауыттарының саны да артып келеді.
Сонымен қатар «Қазкрахмал» жүгері өңдеу зауыты бұрын Жаркентте салынған болса, екінші зауыт Шардарада салынып жатыр. Ондағы мақсат – Шардара, Жетісай, Мақтаарал аудандарында өсірілген жүгері дәнін қабылдап, одан 27 түрлі өнім шығару. Құрылысы биыл аяқталатын бұл зауытта 500 адамға жұмыс орны болады деп күтілуде. 35 гектар индустриалды аймақта 35,0 миллиард теңгеге салынып жатқан өндіріс орны елімізге жыл сайын өзге елдерден сатып әкелінетін 600 мың тонна қанттың жартысын өтей алады.
Жеке кәсіпкер, «Жыл үздігі – 2024» номинациясының иегері Сабыров Мұхтар Құттыбайұлы соңғы жылдары күріш егумен айналысып, «Лазер – Наурызбай» сортын жерсіндіріп мол өнім алып келеді. Өткен жылы 500 гектар жерге бітік өнім өсірген кәсіпкер жаңа күріш зауытын салып, биылғы жылы күріштік жер көлемін мың гектарға жеткізбек.
Мақсаты осылайша жұмыс орнын арттырып, өндірілген өнімін келешекте аудан, облыстан тыс жерлерге де экспорттау.
Мұның бәрі жергілікті халықтың әл-ауқатын арттырып, жұмыс орындарының көбеюіне жол ашуда.
Шардара – тек табиғат пен ауыл шаруашылығының мекені ғана емес, сондай-ақ руханияттың асыл қазынасын сақтап, дамытып келе жатқан өңір. Алпыс жылдың ішінде ауданда жаңа кітапханалар мен мәдениет ошақтары бой көтеріп, ескірген мәдениет үйлері заман талабына сай жаңартылды. Аудан өнерпаздары облыстық, республикалық өнер байқауларында оза шауып, ел абыройын асқақтатып келеді.
Шардараның мәдениет саласын сөз еткенде, кезінде көпшіліктің көзайымы болған, тамылжыта салған әнімен тамсандырған Жұмабек Бектұрсынов, Сәрсенкүл Таңатарова, Зұлпыхар Исаев, Камал Ендібаев, Қазақстанға ғана емес, Өзбекстан мен Қарақалпақстанға да жақсы таныс болған, егіз қозыдай қатар жүрген әнші, жыршы, термеші, сазгер Тәшман Шекеров пен Лесбек Амановтардың құлақ құрышын қандыратын сазды үндері әлі күнге дейін ел жадында.
Олардың салып кеткен сара жолдарын жалғастырып келе жатқан, бүгінгі күнде өнер өлкесінің тарландарына айналып, талай байқауларда топ жарып жүрген Әбдіғаппар Айдаров, Сәкен Бегманов, Қанат Дауылбаев, Аманғали Ниязов сынды өнерпаздар да бүгінде құрметпен аталады.
Ақын-жазушыларымыз Жәлел Кеттебеков, Қазыбек Иса, Бауыржан Қарабеков, Әлібек Шегебайлар да Шардараның атын шартарапқа танытты.
Сыр бойының жыраулық дәстүрін жалғастырған ақын-жыршылар, зерделі қолөнер шеберлері осы өңірден шыққан. Киіз үйдің бөлшектерін, ер-тұрманды шебер ойып, кілем тоқу, құрақ құрау мен киім тігуді өнердің шыңына жеткізген ісмерлер әлі күнге дейін баршылық. Дәстүр сабақтастығын сақтай отырып, заманауи өнердің жаңаша бағыттарын да қатар дамытып жүрген кәсіпкерлер – Шардараның шынайы мақтанышы. Облыс әкімінің жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы халықтың әлеуметтік осал топтары мен жастардың әлеуметтік жағдайын жақсарту жөніндегі тапсырмасына орай кәсіпкер Омар Әсенұлы жеке инвестициясы есебінен 350 миллион теңге тартып, Алатау батыр ауылдық округінде «Шебер» мүгедектер қоғамы бірлестігінің тігін фабрикасын іске қосты. Онда бүгінде әлеуметтік осал топтардан шыққан, аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан 35 жасқа дейінгі жастар мен 55 жастан асқан зейнет жасына дейінгі адамдар тұрақты жұмыс істейді.
Жергілікті мекемелермен қатар еліміздің көптеген өңірлерін аяқ киім, киім-кешекпен қамтамасыз етіп отырған бұл фабрика Түркия және Өзбекстан елдерінен тәжірибелі мамандар шақыртып, ісмер қыз-келіншектерді жұмыспен қамтып келеді. Маман тапшылығын болдырмау мақсатында тұрақты оқу курстары өткізіліп тұрады. Өткен жылы Қытай еліне жасаған әріптестік сапары кезінде жылдық қуаты 72 мың жұп аяқ киім, 140 мың дана жаздық және 140 мың дана қыстық арнайы киім шығаруға қауқарлы фабрика басшысы қосымша 160 миллион теңгеге заманауи лазерлі тігін станоктарын сатып алу бойынша келіссөздер жүргізіп қайтқан.
Шардара спорты да ел назарын өзіне аударып үлгерді. Әсіресе, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап үздіктер осы өңірден жиі шығып келеді. Бүгінгі күнде жаңаша спорттық сипат алып, ауданда ірі қол күресі мектебі, ауылдарда жасөспірімдерге арналған түрлі үйірмелер ашылған. Білегінде күші, жүрегінде түгі бар шардаралық жігіттер талай халықаралық додада топ жарып, ел намысын қорғап жүр. Олардың жарыста жеңіп алған алтын, күміс, қола медальдары – жалғыз адамның жетістігі ғана емес, тұтас өңірдің, еліміздің мерейі. Ал «Шардара – Армспорт» спорт клубының спортшылары аудан ғана емес, тұтас еліміз бойынша үздік атанып, халықаралық деңгейдегі бәсекелерде көк байрағымызды биікте желбіретіп келеді.
Ауданда бұрыннан-ақ жақсы нәтижелерге жетіп жүрген спорт саласы еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін тіпті қарқын алды. Оған себеп – спорт алаңшалары мен кешендерінің салынуы, жаңа футбол, спорт мектептерінің ашылуы және осы салаға қол күрес шебері, әлем чемпионы, қазіргі таңда аудан тізгінін ұстап отырған Қарсыбаев Арман Романұлының келуі болды.
Арман Романұлы негізін қалаған «Шардара – Армспорт» спорт клубында жаттыққан даңқты спортшының ізбасарлары талай әлемдік байрақты бәсекелерде топ жарып, бір-екі емес, ондап-жиырмалап медальмен оралып, «Шағалалы Шардараның» атын әлемге танытты. Олар әр жарысты жеңіспен аяқтай отырып, бүгінде 113 – әлем чемпионын, 115 – әлем чемпионатының жүлдегерін, 74 – әлем кубогының иегерін, 347 – Азия чемпионын, 284 – Азия чемпионатының жүлдегерін, 75 – Азия кубогының иегерін, 498 – Қазақстан чемпионын, 85 – халықаралық дәрежедегі спорт шеберін, 130 – Қазақстан Республикасының спорт шеберін шыңдап шығарды. Осылайша, Шардара чемпиондар ұстаханасына айналды.
Алдағы кезде спорттың басқа да түрлерінен чемпиондарды көптеп шығару мақсатында аталған клубта 500-ден астам спортшы гір көтеру, дзюдо, ауыр атлетика, каратэ, асық ату, найза лақтыру, ядро лақтыру, таэквондо, бокс, пауэрлифтинг сияқты спорт түрлерімен жаттығуда. Жас спортшылардың алаңсыз дайындалуына барлық жағдайлар жасалып отыр. Бұл – болашақ чемпиондарға үлгі әрі үлкен мақтаныш.
Алпыс жылдың ішінде ауданның білім беру саласы да жасарып-жайнап, өркендеді. Жаңа мектептер мен балабақшалар салынып, білікті ұстаздар қатары толықты. Ұстаздың мейірімі мен шәкірттің білуге деген құштарлығы түйіскен тұста, білім көгінің кеңейері сөзсіз. Шардараның түлектері бүгінде еліміздің әр түкпірінде түрлі салада табысты еңбек етіп жүр.
Кез келген елдің бәсекеге қабілеттілігі – болашағы жас жеткіншектердің біліміне байланысты екені белгілі. Сондықтан да білім саласына мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып отыр. Шардара аудандық білім бөліміне қарасты 31 мектеп, 2 мектептен тыс мекеме, 40 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс істейді. Білім алушы жасөспірімдерге сапалы да саналы тәрбие беру ісінде 3363 педагог еңбек етуде. Сапалы білімді тәжірибесі, біліктілігі мол мұғалім ғана бере алады. Осы мақсатта өткен жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында 427, «Назарбаев зияткерлік мектептері» педагогикалық шеберлік орталығында 328 мұғалім, ал «Өркен» біліктілікті арттыру орталығында 69 басшы кадр өз білімдерін жетілдірген.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша Шардара қаласындағы 4-ші шағын аудан аумағында 1200 орындық мектеп пайдалануға берілді. Өтеғұл шағын ауданындағы 300 орындық заман талабына сай салынып жатқан жайлы мектептің құрылысы бітуге жақын.
Денсаулық сақтау саласында да оң өзгеріс байқалады. Аудан орталығындағы ауруханалар мен жаңадан бой көтерген заманауи емдеу орталығы күн сайын жүздеген адамға қызмет көрсетеді.
Аудандық аурухананың негізі 1958 жылы қаланған. 1969-1979 жылдар аралығында Сейіткамал Кенжебаев, 1979-2000 жылдар аралығында Кеңес Әбуов, одан кейінгі жылдары Пазылхан Мыңбаев, Серғазы Әлменов, Нәдірқожа Мұсаев, Әзірет Ерназаров, Жұмабек Сапаров, Жоланбек Нысанбаев, Нұржан Нөсеров, Жанар Оспанова, Нұрғали Молдаханов, Бауыржан Әбдімәліктер басқарған. Қазіргі таңда аудандық орталық аурухананы Сейітханов Мұхитдин Әбуұлы басқарады.
1970 жылы аудан орталығында 124 орындық жаңа ғимарат салынып, пайдалануға берілсе, 1979 жылы емдеу орны 210 төсекке дейін ұлғайды. Қазіргі кезде 120-дан астам дәрігер мен 550-ден аса орта буын медицина қызметкері жұмыс істейді.
Қазіргі таңда аудандық аурухананың құрамында 1 орталық емхана, 1 БМСКО «Қазақстан», 14 медициналық пункт және 13 дәрігерлік амбулатория бар. Оларға шамамен 70 мыңдай халық тіркелген.
Жылжымалы медициналық комплекстің шалғай ауылдарды аралап, тексеру жүргізуі тұрғындардың дер кезінде ем алуына жағдай жасап отыр. Денсаулық – ел дамуының басты кепілі болса, Шардарада осы бағыттағы жаңашыл істер өз жалғасын табуда.
Алыс-жақын елдерден келетін қонақтардың дені Шардара су қоймасындағы демалыс орындарына асығады. Таңертең күміс айдын беті тыныштық құшағында болса, түс ауа жағалаудағы балалардың шат-шадыман күлкісі мен суға сүңгіген шолпылы естіліп жатады. Шардараның аптап ыстығы да судың салқынымен үндесіп, жағажай бойына ерекше көңіл-күй сыйлайды. Алдағы уақытта жағалауда жаңа қонақүйлер мен курорттық орындар, этноауылдар салынады деген үміт бар. Спорттық туризмді, су туризмін, балық аулауды, қолөнер бұйымдарының жәрмеңкелерін және ұлттық тағамдар фестивалін өткізуді жоспарлап жүрген кәсіпкерлер жоқ емес. Туризм саласының дамуы – аудан экономикасының қосымша қанаттануына, жаңа жұмыс орындарын ұсынуға жол ашары сөзсіз.
Қазіргі таңда елімізде «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» бағдарламасы аясында ауқымды жобалар қолға алынуда. Бұл бастамадан Шардара ауданы да сырт қалған жоқ.
Шардара ауданының 60 жылдығы туралы айтқанда, негізгі жұмыстардың басталуы Шардара су қоймасының салынуымен тікелей байланысты. Осы су қоймасынан бастау алатын «Қызылқұм» магистралды каналы салынып, оның бойынан ондаған күріш, мақта совхоздары бой көтерді. Ол жерлерге қоныс аударушылар саны артып, тың жерлер игеріліп, еңбек майданы қызды. Алынған мол өнімнің нәтижесінде Шардараның аты Одаққа танылды. «Көксу» совхозын ұзақ жыл басқарған соғыс және еңбек ардагері Мәулен Қалмырзаев Халық Қаһарманы атанып, Нартай Сапаров пен Тотыгүл Жәдігерова Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына сайланды. Феруза Өтемісова «Даңқ» ордендерінің толық кавалері атанса, жүздеген азамат Мемлекеттік наградаларға ие болды. Қалада да көптеген нысандар салынып, құрылыс материалдары комбинатының өнімдері темір жол арқылы Одақ көлеміне жіберіліп отырды. Ал тәуелсіздік алған жылдардағы жетістіктерге бәріміз де куәміз.
Осы ретте ауданды әр кезде басқарған басшылардың да есімдерін атап өткеніміз орынды. Партиялық басқару кезінде Шардара ауданының тұңғыш бірінші хатшысы Тілеуберген Тумашев болса, одан кейінгі жылдары бұл қызметті Қауысбек Тұрысбеков, Әштар Жолдасов, Лесбек Бекжанов, Оралбай Рахманбердиев, Құлбек Қадырбаев, Өтеғұл Түгелбаевтар атқарды. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі әкімдік басқару кезінде Шардара ауданының алғашқы әкімі қызметін Өстемір Тілегенов бастап, кейіннен Зәуірбек Салықбай, Кенжехан Төлебаев, Байділда Жылқышиев, Әуелхан Тұрғымбеков, Әлішер Есіркепов, Абдулла Ахметов, Серікбай Ибадуллаев, Марғұлан Марайым, Қамытбек Айтөреев, Арман Абдуллаев, Болатбек Қыстауов және жерлесіміз Қайрат Жолдыбай басқарды.
Қазіргі таңда Шардара ауданының әкімі қызметін Әлем чемпионы, даңқты спортшы, екі шақырылымдағы аудандық мәслихаттың төрағасы қызметін атқарып, мол тәжірибе жинаған жерлесіміз – Қарсыбаев Арман Романұлы атқаруда. Ол баламалы негізде өткізілген сайлау нәтижесімен аудан әкімі болып сайланған.
Қызметке келісімен-ақ аудан мен қаланың тазалығына, көркеюіне ерекше мән берген Арман Романұлы жұмысын Шардараға Келес ауданынан кіреберіс жолға жаңадан арка орнатудан бастады. Екі шеті ұлттық нақыштағы оюлармен өрнектелген арканың үстіне шалқар теңіздің символындай ақ шағаланың бейнесі қойылып, латын әрпімен «SHARDARA AUDANY» деген жазу ілінді. Аудан шекарасынан өткеннен кейінгі сол қапталдағы беткейге «Шағалалы Шардара» жазуы орнатылды. Оның маңынан түрлі ескерткіштер бой көтерді. Сонымен қатар Қызылқұм тыңын игеруге қатысқан құрылысшылар мен диқандарға арналған ескерткіштерден бастап, Шардараның бүгінгі даңқын асырып жүрген қол күресі спортшылары мен балықшыларға арналған ескерткіштер де тұрғызылды.
Жыл бойы Шардараның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтардың бейнесі баннер-бильбордтарға орналастырылды. «Тұңғыш Президент» саябағындағы бұрынғы «Неке сарайы» жөнделіп, аудандық «Жастар ресурстық орталығына» берілді. Аудан түгел көгілдір отынмен қамтылды. Ондаған жылдан бері шешімін таппай келген «Тама-Тастанбек» таза ауыз суын қалаға әкелу жұмыстары басталды. Үй кезегінде тұрғандарға баспана беріліп, оқушылар 1200 орындық жайлы мектепте білім алу мүмкіндігіне ие болды. Биылғы жылдың соңында «Қазкрахмал» жүгері өңдеу зауыты іске қосылады деп күтіліп отыр. Ол кезде ауданның 500 азаматы тұрақты жұмыспен қамтылмақ.
Бүгінгі таңда аудан басшысы Арман Романұлы негізгі төрт бағытта жұмысты үйлестіріп атқаруға ден қойды. Олар – туризм, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және балық шаруашылығы. 2024-2030 жылдар аралығында 154 инвестициялық жоба жүзеге асып, 4 мыңға жуық жұмыс орны ашылмақ. Жобалардың жалпы құны 210 миллиард теңгеден асады. Өнеркәсіп және сауда саласында 49 жоба, туризм бағыты бойынша 16 жоба, балық шаруашылығында 75 жоба және ауыл шаруашылығында 14 жоба жоспарланған.
Нәтижесінде 2030 жылға дейін ауданға тартылатын инвестиция көлемі 3,2 есеге өседі. Өнеркәсіп саласында 27 жоба жүзеге асып, жаңа зауыттар мен өндіріс орындары көбейеді. 2300-ге жуық адам жұмыспен қамтылмақ. Осылайша өнеркәсіп өнімін 100 миллиард теңгеге жақындатып, 4 есеге өсіру көзделіп отыр.
Болашақта мұнда мектептермен бірге заманауи білім беру орталықтары ашылып, жас мамандардың әлеуетін пайдаланатын мүмкіндіктер көбейеді деген сенім зор. Сырдың жағасын жайлаған халық өз тарихы мен дәстүрін жаңашыл рухпен үйлестіріп, табиғат пен адам арасындағы тепе-теңдікті бұзбай, қоршаған ортаны аялауды басты назарда ұстап келеді.
Алпыс жылдық мерейтой – Шардара үшін елдік пен ерліктің, бай руханият пен болашаққа деген сенімнің жаңа белесі. Осы уақыт ішінде өңірдің тынысы айрықша өзгерді: экономикасы көтерілді, мәдениеті қайта жаңғырып, елге танылды, білім мен денсаулық саласында оң істер жолға қойылды. Ал спорттағы жеңісті жол – ертеңгі ұрпаққа даңғыл сүрлеу, жігер мен намыстың символына айналды.
Көшелі өмір жоралғысын санасына сіңірген, сұлу табиғаттың тылсымын жан дүниесімен сезінген Шардара жұрты бүгінде жарқын келешекке ұмтылады. Ежелгі қорған мен өзен жағасын жағалай жайғасқан қала бір-бірімен жалғасып жатқан алтын көпір іспеттес – ол енді тек тарихтың естелігі ғана емес, болашақтың кемел көрінісіне айналғандай. Сырдарияның сарқылмас қуаты мен шөлейт даланың қайсар рухы тоғысқан бұл өлкеде ертеңгі күннің талай қыраны қанат қақпақ. Тарих та, табиғат та, халық та – соған куә. Шуақты Шардара әлі талай шыңды бағындыруға бекем.
ҚАРЫ Нұрмахан Қауысұлы – «Шартарап-Шарайна» ақпараттық-танымдық газетінің редакторы,
«ҚР Ақпарат саласының үздігі»
(«Шартарап-Шарайна» газеті Шардара ауданына 60 жыл толуына орай дайындалған ауданның құрылу тарихы жөніндегі мақалаларды жариялауға әрқашан дайын. Мақалаларыңызды күтеміз)