Шардара өңірінің бүгінгі келбетіне таңдана да тамсана қарап отырып, осыдан 50-60 жыл бұрынғы қайнаған еңбекті жиі есіме аламын. Кеңес үкіметінің әр түкпірінен комсомолдық жолдамамен Бүкілодақтық екпінді құрылыс атанған Шардара жерін игеруге келген әр ұлттың өкілдері күнді түнге ұластырып, еңбек көрігін қыздырған кезі еді. Олардың қатарында өзіміз де жүрдік. Сырдария өзенін бұғаттап, Су электр станциясының салынуына, «Қызылқұм» каналының бойынан оншақты совхоз ашылып, тың жердің игерілуіне үлесімізді қостық.
Кәмелетке тола салып, «Зил-130» самосвал машинасының руліне отырып, жаңадан салынып жатқан совхоздарға 4-5 жыл көлемінде сұйық бетон ерітіндісін тасыдым. 1971 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтына сырттай оқуға түсіп, «инженер-құрылысшы» мамандығын алдым. Ленин орденді Маханбет Қаныбеков басшы, Құттыбек Сарманов бас инженер болып істейтін №28 жылжымалы механикаландырылған колоннасына мамандығыма сай жұмысқа тұрып, ауыз су, жылы су, канализация жұмыстарын жүргізумен айналыстым.
Алғашқыда слесарь-сантехник болып бастасам, кейіннен қаланы қамтитын Тұрар Туғанбаев басқаратын №1 учаскеде шебер, дайындау цехына ауысып техникалық қауіпсіздікті сақтау бөліміне, кейіннен учаске бастығы, прораб болып қызмет атқардым.
«Комсомол», «Қазақстан», «Цилинный», «Қазақстанның 60 жылдығы», «Достық» совхоздарының ауыз су, мекемелердің орталықтандырылған жылу жүйелерін салумен айналыстым. ЖМК-28 Алматыдағы «Монтажспецстрой» тресінің қарамағына өткен соң өндірістік-техникалық бөлімін 4-5 жыл басқарып, мехколоннадағы атқарылған жұмыстардың есебін жүргіздім. 1988 жылы ЖМК-28-ге Оралбай Ақбердиев басшы, мен бас инженер болдым. Біршама уақыт мехколонна басшысының міндетін де атқардым. Сол кездерде ЖМК-43 қалада, ЖМК-1, ЖМК-37, ЖМК-44 совхоздарда құрылыс жұмыстарын жүргізсе, ЖМК-25, ЖМК-26, ЖМК-32 жер тегістеумен, ағын су жүйелерін, канал қазу, жол салу жұмыстарын жүргізді.
Жылжымалы мехколонналар тарқатылған соң ГЭС-те өндірістік бөлімінің инженері қызметін атқардым. Серік Ибадуллаев аудан әкімі болып келген кезде «Тұңғыш Президент саябағын» салуға тапсырыс алып, дер кезінде аяқтадық. Саябақта тротуар, плита төсеу, жолақ сызу, бордюр, баспалдақтар, фонтандар салып, шырша тектес ағаштар отырғыздық.
Жалпы алғанда 55 жыл еңбек еткен болсам оның 45 жылын Шардараға арнадым. Мен секілді мыңдаған құрылысшының ерен еңбегі мен маңдай терінің, аялы алақанының арқасында Шардара өңірі бүгінгідей керемет мекенге айналды. Шардараның келешегі әлі мұнан да керемет болып, туристік аймаққа айналып, әлемге танылатынына, Шардара су қоймасы мен Сырдария өзенінің бойы әлі түгел игерілетіндігіне сенімім мол. Алла сол күндерді бәрімізді бірге көруге жеткізсін. Шардараның 60 жылдық мерекесі баршаңызға құтты болсын!
ЖУМАДІЛЛА Болат Қалдыбайұлы – ардагер құрылысшы