ШАРТАРАП ШАРАЙНА

А.Қарсыбаев: «ӨНДІРІСТІК БАҒЫТҚА ЖҰМЫС ІСТЕУІМІЗ ҚАЖЕТ»

Әлеумет
Жуырда аудан әкімі Арман Қарсыбаев Достық, Ақшеңгелді ауылдық округтерінде болды.
Ең алдымен Достық ауылында көлемі 1,22 гектар аумаққа жаңадан салынған орталық саябақтағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Сондай-ақ, аудан әкімі ауылдық округ орталығындағы халық шоғырланған аумақта қосымша салынып жатқан саябақтың қоршауына қаржы қарастырылатындығын жеткізді.
Мұнан кейін, ауылдағы мал шаруашылығын дамытып отырған Құрбан Қосжановтың 60 бас мал бордақылау алаңына барды. 3 адамды жұмыспен қамтып, бүгінгі таңда ірі қарасын 400 бастан асырып отырған кәсіпкермен тілдесіп, мемлекет тарапынан әрқашан қолдау бар екендігін жеткізді.
– Біздің басты мақсатымыз – өздеріңіз секілді кәсіпкерлерді қолдай отырып, экспортқа тек шикізат жіберу емес, терең өңдейтін өндіріс орындарын ашып, дайын өнім шығаруға жұмыс істеу. Егер Сіз мал бордақылап, етінен шұжық немесе тағы да басқа өнім шығаруды көздесеңіз, мемлекет тарапынан әрқашан қолдауға дайынбыз, – деді Арман Романұлы.
Бұдан кейін аудан басшысы Ақшеңгелді ауылына барып, "Али-Нұр" шаруа қожалығының 12 дана ауыл шар-уашылық техникасы мен авто бөлшек дүкенінің жұмысымен танысты. Кәсіпкер Серік Абдуллаұлының иелі-гіндегі 120 гектар жерді қамтитын шаруа қожалығында мақта және бақша өнімдері егіледі. Онда 8 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Кәсіпкер кәсібін дамыту бойынша және тамшылату әдісімен суғарылатын жер көлемін арттыруды көздеп от-ырғанын жеткізді.
Арман Романұлы жалпы жылдан - жылға ағын суды үнемдеу технологиясына, оның ішінде тамшылатып суға-ру әдісіне көшу күн тәртібінде екендігін жеткізді.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызмет
Made on
Tilda