ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Ардагерлерге құрмет көрсетілді

Әлеумет
Бүгін аудан әкімі Арман Қарсыбаев Ұлы Отан соғысы ардагерінің жесірі Шотанова Бикенің және тыл ардагері Айдос Сарсеновтың шаңырағына барып құттықтап шықты.
Аудан басшысы қариялардың үйіне барып, сый-сияпат жасап, құрмет көрсетті.
«Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мереке Ұлы Отан соғысына қатысушылар және тыл еңбеккерлерінің қажымас қайсар рухының жеңісі. Сіздердің соғыстан кейiнгi жылдары халық шаруашылығын қалпына келтіру жолындағы қажырлы еңбектеріңіз кейінгі ұрпақ үшін өшпес өнеге болып қала береді. Бүгінгі өскелең ұрпақты береке-бірлікке, тату-тәттi тірлікке тәрбиелеу ісіне белсенді атсалысып ортамызда аман-есен жүре беріңіздер. Сіздерге зор денсаулық, отбасыңызға бақ-береке тілеймін. Ұл-қыздарыңыздың , немере-шөберелеріңіздің қызығын көре беріңіздер» деді А.Романұлы.
Сондай-ақ, аудан әкімі ардагерлерге «Құттықтау» хат тапсырып, бүкіл аудан халқының атынан бейбіт күн үшін үлкен алғыс білдірді.
Айта кетсек, аудан бойынша мерекеге орай 105 адамға қаржылай сыйақы берілді. Олар: Ауған соғысы ардагерлері, Тәжік-Ауған жауынгерлері, Таулы Қарабахтағы қақтығысты реттеуге қатысқандар, 1986-1987 жылдары Чернобль АЭС-індегі апаттардың зардабын жоюға қатысқандар, ҰОС жесірлеріне, Тыл ардагерлеріне және ҰОС теңестірілген жандар.

Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Made on
Tilda