Елге сыйлы азамат, зейнеткер-ұстаз, қажы, қасиетті әулеттің мұрагері Сейдазимов Қамбархан Әкімханұлы 80 жасқа толып отыр. Бұл – тек бір адамның ғана емес, тұтас бір әулеттің мерейі. Қамбархан аға 1945 жылы 29 мамырда бұрынғы Киров ауданы, Қызылқұм ауылдық кеңесіне қарасты "Артель" елдімекенінде дүниеге келген. Білімге деген ерекше құштарлық – ол кісінің өміріндегі басты бағыт болды. Мектептегі жылдарынан бастап Қамбархан ағамыз өз ортасында көшбасшы бола білді. Ол жас кезінен оқуға деген ынтасы мен білімге деген талпынысымен ерекшеленді.
Қамбархан ағаның әкесі Сейдазимов Әкімхан – Оңтүстік өңірге сынықшы болып танылған, есімі ел аузында аңызға айналған тұлға. Халық оны "сынықтың профессоры" деп атаған. Әкімхан ата 93 жасқа келіп өмірден озған. Арғы бабалары да көріпкел, сынықшы болған. Бабаларының арасында бір оқиға айтарлықтай қызық. Ел аузындағы аңызға сәйкес, бабаларының бірі босағасына келген жолбарыстың сынған аяғын салып жіберген екен. Бұл жағдай сол уақыттың өзінде әулиелік пен шеберліктің, табиғатпен терең байланыстың көрінісі ретінде таралған.
Ал анасы Зейнарап апамыз – білім мен тәрбиенің, тазалық пен ұқыптылықтың символы болған адам. Ол өзінің балаларын тәрбиелеп, білімді ұрпақ өсіру үшін барын салып еңбек етті. Арнайы педагогикалық білімі болмағанымен, бойындағы қазақы тәрбие мен тектілігі арқылы балаларын жақсы тәрбиеге баулыды. Зейнарап апа өте таза, ұқыпты адам болатын, оның тазалығы мен тәртіптілігі бәріне үлгі болды.
Қамбархан аға мектепті үздік бітіріп, педагогикалық институтты таңдады. Ол 1960-шы жылдары педагог мамандығын алып, өз білімін елінің болашағы үшін бала тәрбиесіне жұмсады. Педагогика саласында зор білім мен тәжірибе жинақтап, әрбір сабағын үлкен жауапкершілікпен өткізді. Физика мен еңбек пәндерінен білім беру арқылы шәкірттерінің құрметіне бөленді.
Қамбархан ағамыздың еңбек жолы оның ұстаздық шеберлігінің айқын дәлелі. Оның сабақтарында тек білім емес, өмірлік маңызы бар тәрбие де орын алды. Әрбір шәкіртіне сүйіспеншілікпен қарап, ұстаздық қызметінде жоғары адами қасиеттер мен рухани құндылықтарды көрсете білді. Қамбархан ағамыздың әрбір қадамы, әрбір ісі тек өзін ғана емес, бүкіл әулетті, қоғамды, елді жоғары деңгейге көтеруге бағытталды. Оның кішіпейілділігі, еңбекқорлығы мен адалдығы – өмірлік ұстанымы. Әрқашан білім мен тәрбие беру саласында жоғары стандарттарға сәйкес еңбек етіп, өз ісін сүйіп жасаған Қамбархан ағамыз – ұрпаққа үлгі, елге өнеге боларлық тұлға. 2024 жылы қасиетті Меккеге қажылыққа барып, исламның асыл құндылықтарын жүрекпен қабылдауы – оның рухани кемелденуінің жарқын көрінісі. Қамбархан аға – тек ұстаз емес, сонымен қатар бабадан келе жатқан қасиетті өнер – сынықшылықты жалғастырып жүрген шипагер. Ел ішінде «сынықшының мұрагері» атанған Қамбархан қажы бүгінде де талай жанға көмегін беріп, ата-бабасынан дарыған киелі қасиетті лайықты жалғастыруда. Бұл – тек бір адамның емес, тұтас әулеттің тектілігінің, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан рухани байлықтың көрінісі. Қамбархан аға және оның жары Сара апа – тәрбие мен білімнің, адамгершілік пен ізгіліктің нағыз үлгісін көрсеткен жанұя. Олар өз балаларына жоғары білім мен жақсы тәрбие берген. Бұл отбасының әр мүшесі өз саласында жетістіктерге жетіп, өмірдің мәнін түсініп, қоғамға қызмет етуде.
Қамбархан ағаның ұлы мен қыздары да әке мен ананың жолын қуып, адал еңбек, білім мен отбасылық құндылықтарды жоғары бағалай отырып, үлкен жетістіктерге жетіп отыр. Қыздары Ақмарал, Мақпал, Ақерке, Айгерім – әрбір шаңырақтың шамын жағып отырған аяулы аналар. Олар – ата-анадан алған тәлім-тәрбиені, ізгі қасиеттерді өз отбасыларына дарытып, ұрпақ тәрбиесінде үлгі бола білген жандар. Қамбархан ағаның ұлы Ербол, келіні Нүрия және немерелері де білім мен еңбек жолында жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Ербол ұлы, жоғарғы категориялы стоматолог, ал келіні Нұрия – бухгалтер болып жұмыс істейді. Немерелері Дәулетхан – стоматология факультетінде оқиды, Аяулым – архитектор, Абзал – Н. Назарбаев мектебінде оқушы, Нұрасыл – оқушы. Бұл отбасы тек өздерінің еңбекқорлығы мен білімге деген құштарлығымен ғана емес, сондай-ақ ізгілік пен адамгершілік қасиеттерімен де ерекшеленеді.
Қамбархан қажының 80 жылдық мерейтойы – бір әулеттің ұлы тойы. Оның өнегелі өмірі мен мұрасы кейінгі ұрпаққа үлгі болып қала береді. Қамбархан ағамыздың сіңірген еңбегі мен көрсете білген адами қасиеттері көпке үлгі болып, ол әлі де қоғамда өзінің ерекше орнын сақтап келеді.
Елге сыйлы, ұрпағына өнеге болған асыл азамат, тағылымды тәрбиеші, қажылық парызын өтеп, рухани кемелдікке жеткен абзал аға Қамбархан Әкімханұлын бүкіл әулетіміз атынан 80 жасқа толған мерейлі тойымен шын жүректен құттықтаймын!
Маңайына шуақ шашып, ұрпағына ұлағат болған шежіре, еңбегімен, адамгершілік болмысымен ел алғысына бөленіп, еңбекқорлықтың, адалдықтың үлгісін көрсеткен ағаға Сара жеңгемізбен бірге қол ұстасып, бір-біріңізге әрдайым тірек, демеу болып, тату-тәтті өмір сүріп, берекелі шаңырақтың ұйытқысы болып отырған сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, ұзақ ғұмыр жасаңыздар деген тілегімді білдіремін. Немере-шөбере қызығына кенеліп, ұрпақтың шаттық үнін тыңдай беріңіздер. Өмір жолыңыздың әрбір күні шаттық пен шүкірге толы болғай! Жүз жасаңыз, Қамбархан қажы аға!
Ақшаханның отбасы атынан келініңіз
Сапаркүл САХҚЫЗЫ.