ШАРТАРАП ШАРАЙНА

АРДАГЕРЛЕР МАРАПАТ АЛДЫ

Әлеумет
Биылғы жылы Шардара ауданының құрылға-нына 60 жыл толады. Сол бір қайнаған алып құрылыстардың алғашқы он жылдықтарында ерен еңбек етіп, өз үлестерін қосқан жастар бұл күнде жетпіс жастан асып, еткен бейнеттерінің зейнетін көруде. Қатары сиреп бара жатқан сол ардагерлері-міздің еңбек жолын кейінгі толқынға дәріптеп оларға қандай құрмет көрсетсек те лайықты.
Айталық, қазақстандық Таубаев Арыстан Асанұлы он жеті жасынан трактордың тізгінін ұстап, товарлы-сүт фермасы мен күріш алқап-тарында еңбек етті. Зейнеткерлікке шықса да жастарға қазақы салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыпы-мызды насихаттап жүрген ол сағаттап бата берудің де қас шебері. Жақында аудандық мәдениет сарайында өткен «Батагөйлер сайысында» бірінші орынның жеңімпазы болды.
Ал, Нысанов Әнуарбек болса, Тұрысбеков ауылының зиялы ақсақалдарының бірі. Алғашқы еңбек жолын «Восход» (қазіргі Қоссейіт) кеңша-рында жұмысшы болып бастаған ол көлік жүргізу-ші бола жүріп «Қызылқұм» магистралды каналын мен құрылыс материалдары комбинатын салуға қажетті жүктерді тасымалдап жеткізіп беріп тұрды. Комсомол-жастар бригадасына жетекші болып, Шардара аудандық Кеңесіне депутат болып сай-ланды.
Жақында осындай ел алдындағы еңбектері үшін республикалық «Ынтымақ жолы» қоғамдық қоры-ның шешімімен жас ұрпақты тәрбиелеудегі еселі еңбегі үшін Нысанов Әнуарбек «Еселі еңбегі үшін – Ардақты ардагер», Таубаев Арыстан «Еселі еңбегі үшін – Еңбек даңқы» төсбелгілерімен мара-патталды.
Марапаттарды тапсырған республикалық «Әділ билер» қоғамдық бірлестігі Шардара аудан-дық филиалының төрағасы Есенгелді Сариев арда-герлерді құттықтап, отбасыларына амандық, өзде-ріне мықты денсаулық тіледі.

Г.БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ
Made on
Tilda