Қай салада болмасын өз мамандығының ерекшелігін сездіретін кәсіби мерекенің болуы, сол сала маманының мерейін үстем етері сөзсіз. Соған сай биыл 24 маусымда үшінші рет сот жүйесі қызметкер-лерінің кәсіби мерекесі аталып өтпекші. «Еңбегіне қарай – құрмет» демекші, бұл конституциялық негіздерді дамытуға, заңдылықты қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қосқан үлесі үшін судьяларға, сот жүйесі қызметкерлеріне көрсетілген құрмет деп білеміз. Еліміздің сот жүйесі үшін тәуелсіздік алған уақыттың әрбір кезеңі жаңа талапқа сай әділ сотты қалыптастыру жолындағы тынымсыз ізденістер, батыл бет-бұрыстарға толы болды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жұмысын бастаған сот жүйесі мен бүгінгі соттың жағдайы мүлде салыстыруға келмейді. Заңдық, кәсіби біліктілік тұрғысынан ғана емес, сот саласы материалдық, әлеуметтік жақтан да анағұрлым артты. Осы уақыт аралығында қолданысқа жаңа институттар енгізілді, жаңа заңдар қабылданып, судьялар корпусының тиімді қызмет етуі үшін тәуелсіз сот жүйесінің қағидатына негізделген база қалыптасты. Судьялар қызметіне қатысты қарапайым қалам-қағаздан бастап, зәулім ғимаратқа, заманауи техникалық құрылғыларға дейінгі материалдық мәселелердің барлығы дерлік шешімін тапты.
«Қазақстан Республикасы Судьялар одағы» Республиклық қоғамдық бірлестігінің Жарғысында «Одақ органдары өз қызметін судьялардың тәуелсіздігі және сот ісіне араласпаушылық принципін бұлжытпай сақтап, сайланбалы, ауыспалы, және есеп беру прициптерін ескере отырып жариялы, алқалы түрде ұйымдастырады» –деп нақты көрсетілген. Фронт-кеңсе орналасқан заманауи талаптарға сай инфрақұрылыммен жабдықталған сот ғимаратында келушілерге ыңғайлы жағдайдың бәрі де жасалған. Электронды кезек, күзет қызметі, қауіпсіздік жүйесі бәрі де ыңғайлы. Сот қызметкерлерінің салауатты өмір салтын ыңғайластыру үшін барлығы жасалған. Мұнда қажетті ақпаратты тез және толық алуға, сотқа келу-шілер мен процеске қатысушыларға, сол секілді судьялар үшін де қолайлы жағдай жасалған. Бүгінде Мемлекет басшысы жүргізіп отырған реформалардың аясында отандық сот жүйесі үздік әлемдік стандарт-тарға жету бағытында даму үстінде. Осы мақсатқа жетуге уақытпен санаспай, қажырлы еңбек етіп жатқан ардагерлер, қызмет атқарып жүрген судьялар мен сот қызметкерлерінің үлесі орасан зор.
Осы бір тұста аудандық сотымыздың тарихына тоқталуды жөн көріп отырмын. Шардара аудандық соты тарихына үңілсек, аудандық сот 1969 жылдың қараша айында құрылып, алғашқы төрағасы Ұлы отан со-ғысының ардагері Манекеев Тауасар бол-ған. Т.Манекеев сот ғимараты құрылысының бастан-аяқ басында болып, сот ғимаратын салдырған ардагер азамат болатын. 1981-1984 жылдары аралығында Шардара аудандық халық сотының төрағасы қызметін Сақалов Болат Заядаұлы атқарған. Б.З.Сақалов төрағалық қызмет еткен уақытта аудандық халық соты Оңтүстік Қазақстан облысы көлеміндегі алдыңғы қатарлы соттар қатарында болған. Бұған дәлел ретінде Шымкент облыстық атқару Комитеті Әділет бөлімінің бұйрықтарымен соттың жұмыс тәжірибесі төрт рет облыс көлеміндегі соттарға таратылғандығын келтіруге болады.
Б.З.Сақалов сауаттылығымен, жұмысты ұйымдастырушылық қабілетімен және құқықтық мәдениетінің жоғарылығымен Оңтүстік Қазақстан облысындағы ең үздік сот төрағаларының бірі ретінде танымал болған. Б.З.Сақалов Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының аппарат жетекшісінің орынбасары. Қызметтерін атқарып, бүгінгі таңда еңбек демалысында, зейнеткер. 1984-1994 жылдар аралығында аудандық халық сотының төрағасы қызметін Бөртебаев Әшірбек Өрісбайұлы атқарған. Ә.Ө.Бөртебаев соттың дамуы мен халық арасында сотқа деген сенімнің артуына өз үлесін қосқан төраға болып табылады. 2006-2011 жылдар аралықтарында Тілегенов Арысбай Ережепұлы, 2011-2016 жылдарда Қожанов Бейсебай Әжібекұлы төрағалық еткен, 2016-2020 жылдар аралықтарында Налибаев Алпысбай Балғабекұлы төрағалық етті. Бүгінгі күнде аудандық сотта 2022 жылдан бері аудандық сот төрағасы болып жұмыс жасап келемін. Сондай-ақ, судья Айкүміс Сарсенбайқызы, бас маман Жамантай Асия Абілдақызы, бас маман-сот мәжілісінің хатшысы Сындаров Бақыт Нұрақұлы, жетекші маман Бұрхан Бауыржан Абдуәліұлы, сот приставы Іңкәрбек Дінмұмаммед Абзалұлы және іс жүргізушісі Пошанов Мейрамбек Мырзаханұлы қызмет атқарып келеді.
Судья – сот саласының тірегі. Ал сот ғимаратына кірген азаматтарды қабылдап, сұрақтары бойынша бағыт-бағдар беретін сот кеңсесінің мамандары. Сот әкімшісі – сот кеңсесінің жұмысы мен соттағы іс жүргізуді ұйымдастырады. Бас маман – сотқа түсіп қаралған істер мен материалдар бойынша іс-қағаздар жүргізу, істерді қабылдау, есепке алу, сақтау және сараптамалық есептер жүргізіп отырады. Бас маман-сот отырысының хатшысы – сот отырысын толық ұйымдастырып, азаматтардың сотқа келуін қамтамасыз етіп, сот отырыстарының хаттамаларын әзірлейді. Аға сот приставы – сот отырысы кезінде залда тәртіп сақтау, сот үйлерін күзетуді, судьяларды және процестың қатысушыларын күзету қызметтерін жүзеге асырады. Жетекші мамандар сот жұмысының жариялылығын қамтамасыз етіп, кіріс-шығыс журналдарын толтырып, мұрағат қызметін ұйымдастырумен айналысады. Мінекей, осындай сала мамандары үлкен істердің басын құрап, еліміздің сот жүйесін ілгері дамытуда еңбек етуде. Заң үстемдігі мен әділеттілік қағидаттарын бекітіп, азаматтардың құқықтық қорғалуының сенімділігін қамтамасыз ететін адами мәселелерді бірінші болып қолға алатын судьялар. Үшінші билік өкілі саналатын олар еліміздің және қазақстандық қоғамның өміріндегі терең өзгерістер кезеңінде, демократиялық және құқықтық мемлекет құру, қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтық бейбітшілікті сақтау жолында маңызды рөл атқарады. Өйткені, біз барған сайын күрделі әлемде өмір сүріп жатырмыз. Күнделікті болсын, нарықтық қатынастар саласында болсын даулар мен жанжалдарды шешу судьядан жоғары білімді, тәжірибені және мінсіз адами және тұлғалық қасиеттерді талап етеді. Ендеше, қоғамдық теңдікті, азаматтар құқығын қорғауда елеулі үлесі бар судьялар мен сот қызметкерлер мерекесі құтты болсын!
Светлана ОНДЫБАЕВА–
Шардара аудандық