ШАРТАРАП ШАРАЙНА

ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Әлеумет
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акция-сы аясында еліміздің түкпір-түкпірінде әр бейсенбі мен жұма күндері тазалық күніне айналып, оған жергілікті тұрғындар да атсалысып жатыр. Бұл акция ауданымызда да жалғасын тауып, тазалық шаралары жасалуда.
Акция аясында өткен аптада құрамында аудан әкімінің кеңесшісі Батыр Қалдарбек, аудандық тұрғын үй ком-муналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және авто-мобиль жолдары бөлімінің бас маманы Рүстемов Нұрлан, қала әкімі аппаратының коммуналдық сала бөлімше басшысы Ержан Нұраховтар бар мобильді топ теңіз жаға-лауындағы демалыс аймақтарында өз кәсібін жүргізіп отырған жеке кәсіпкерлерге тазалық шаралары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
– «Таза Қазақстан» ұранымен өткен кезекті тазалық апталығына мемлекеттік қызметкерлер мен қала жастарын қатыстырып, ұдайы тазалық шараларын өткізіп келеміз. Біз бұған дейін де теңіз жағалауын яғни, демалыс ай-мақтарының айналасын тұрмыстық қалдықтардан тазарт-қан едік. Бүгін де Сырдария өзенінің жағалауына тазалық жұмыстары барынша жүргізіліп жатыр. Экологиялық шараға 400-ге тарта адам жұмылдырылды. Әкімдік қыз-меткерлері, құрылымдық бөлімшелер, коммуналдық қыз-мет, қала жастары мен еріктілер атсалысып, ауданымыз-дың көркеюіне,тазалығына бір кісідей жұмылдырылып жатыр. Бұндай игі шара қазір су жағасында демалып жатқан жастарға болсын, кішкентай балаларға болсын, маңызы өте жоғары. Өзіміз үшін, қоршаған ортамызды таза ұстау үшін, өзіміздің денсаулығымыз үшін қоқысты тазарту өте маңызды деп ойлаймын. Сондықтан кәсіпкер-лерге айтарымыз – барынша тазалықты қатаң сақтаңыздар. Бұл кез келген тексерістің алдын алу шарасы болып табылады. Біздікі жәй ескерту, ал тексерушілер сіздердің «қазір тазалаймыз» деген сөздеріңізге көнбейді, бірден айыппұл салып, хаттама түзеді. Сол үшін де өздеріңіз үшін өзіңіздің кәсібіңіздің ары қарай да жақсы болуын қала-саңыз, айналаны таза ұстаңыздар! –дейді қала әкімі аппаратының коммуналдық сала бөлімше басшысы Ержан Нұрахов.
Айта кетейік, осыған дейін аудан әкімі қаланы, ауыл-дарды абаттандыру, көгалдандыру, жол бойындағы үй-лердің қасбеттерін және қоршауларын ретке келтіру бой-ынша тапсырма берген болатын. Аталған тапсырмаларды уақытында орындамай, кемшіліктерге жол берген жауапты тұлғаларға тәртіптік шара көру бойынша ұсыныс беріліп, айыппұл салынатын болады.
Бота БОЛАТОВА
Made on
Tilda