ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Белсенді авторларға шабыт сыйлады

Әлеумет
Әр басылымның алға қойған мақсаты мен бағдары болады. Жиырма үш жылдан бері үздіксіз шығып келе жатқан Шардара аудандық «Шартарап-Шарайна» ақпа-раттық-танымдық газетінің де мақсатта-рының бірі аудан халқының мұңы мен шерін, қуанышы мен сүйінішін, еңбек адамдарының берекелі де жемісті жұмыс-тарын газет бетінде жариялап бұқара халыққа жеткізіп, бөлісу. Оның әр нөмі-рінің шырайланып шығуына, түрлі ай-дарлармен мақалалар топтамасының жа-риялануына белсенді авторлары мен оқырмандары, штаттан тыс тілшілері де мол үлестерін қосып келеді. Олардың қатарында қарапайым еңбек адамынан бастап, оқушы, мұғалім, кәсіпкер, заңгер, дәрігер секілді түрлі мамандық иелері бар.
Аудандық тарихи өлкетану музейінің меңгерушісі Нұрлан Смайлов, «Сырдария» жалпы білім беретін мектебі директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Бақтыгүл Бектасова, аудан әкімінің баспасөз хатшысы Рүстем Пердебек, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің теолог-маманы Ерболат Сариев пен әдіскері Салтанат Құдайбергеновалар сол белсенді авторлар қатарында.
28 маусым – Ақпарат сапасы мен БАҚ өкілдерінің мерекесі күні қарсаңында «Шартарап-Шарайна» ақпараттық-та-нымдық газетінің меншік иесі, «Нұр-МБК» өндірістік кооперативінің төрағасы Кариев Нұрболат Нұрмаханұлы жоғарыда есімдері аталған азаматтар мен азаматшаларды журналистер мерекесімен құттықтап, алдағы кезде шығармашылық жетістіктер тіледі. Олар бұл марапатқа өздері жүрген ортадағы жағымды жаңалықтарды үзбей газет редакциясына жолдап, газет оқырмандарымен бөліскені үшін ие болды.
Марапатталғандар атынан сөз алған Нұрлан Смайлов елеп-ескеріп құрмет көрсеткен Нұрболат Нұрмаханұлына ризашылығын білдіріп, алдағы кезде жағымды жаңалықтарды газет редакциясына жолдап тұратындығын, сонымен қатар ұжымының жүз пайыз газетке жазылатындығын айтып өтті.
Журналистер мерекесі күнімен газеттің барша оқырмандары мен белсенді авторларын, штаттан тыс тілшілерін құттықтап, сый-сияпат жасап, оларға алдағы кезде де мол шығармашылық табыс тілеп, отбастарына амандық, дендеріне саулық, атқарып жүрген жұмыстарында мол жетістіктер тілейміз.

Гүлжан БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ
Made on
Tilda