Жуырда 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай тағылымды шара өтті. Аудан әкімі Арман Қарсыбаев тыл ардагерлерінің үйлеріне арнайы барып, оларды мерейлі мерекемен құттықтап, құрмет көрсетті.
Аудан басшысы тыл ардагерлері – Сраил Сахов, Анатолий Семенович Коломыц және Айдын Оразбекованың шаңырақтарына арнайы ат басын бұрып, ардагерлерге ыстық лебізін білдірді.
– Сіздердің қиын-қыстау кезеңдердегі қажырлы еңбектеріңіз – бүгінгі бейбіт өмірдің берік іргетасы. Ел үшін еткен еңбектеріңіз ұрпаққа өнеге. Барша Шардара халқының атынан Сіздерге алғыс білдіремін. Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, өмір-леріңізге шаттық тілеймін, – деді Арман Романұлы.
Кездесу соңында арда-герлерге арнайы Алғыс хаттар мен Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік медальдар табыс етіліп, құттықтау сыйлықтары үлестірілді. Құрмет пен ізеттің шапағатына бөленген ардагерлер аудан әкіміне алғыстарын жеткізді.
Бұл игі шара – ұрпақтың өткенге деген тағзымы мен болашаққа деген сенімінің айғағы.